Айдана Шалқар, @aiudna
Сымбатты серілер. Жанды дауыс. Қазақы колорит. Бүгін қыздар жігіттерге жанкүйерлік етіп, қосыла әндетемін деп тамақтарын ауыртып алуы әбден мүмкін. Себебі, дәл қазір біз Alpha тобының жеке ән кешіндеміз!
- Жарты жыл бұрын «Альфаның ендігі мақсаты – Америка» деген болатынсыңдар. Сол мақсат старт алды ма? Қалай жүзеге асып жатыр?
«Alpha»тобы:
- Yeah of course, Америка – әрине біздің үлкен мақсаттарымыздың бірі. Біз негізі ағылшын тілінде тректерді дайындап қойдық. Шетелдік организатор, админстраторлармен де байланысқа шығып көрдік. Сол үшін бәрі мүмкін. Бізді Америкада көрулеріңіз әбден мүмкін.
«Alpha»-лық жігіттер бұл жолғы концертке ерекше дайындалған. Шығармашылық топ 2021 жылдың 29 қазанында дебют жасаса да, күні бүгінге дейін фандом атауы болмаған еді. Осыған орай бойзбэнд ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, биылғы кеште жанкүйерлеріне арнайы тосынсый әзірлеген.
«Alpha» тобы:
- Ұзақ уақыттан бері шешілмеген бір затты шешейін деп жүрміз. Ол – фандомның аты, яғни жанкүйерлеріміздің аты. Фандомның аты love and peace, махаббат және бейбітшілік.
Алматының күңгірт ауа райы Alpha жанкүйерлерінің көңіл күйін түсірмеді. Топтың сахнаға шығу сәтін тағатсыздана күткен фанаттар саны да аз емес.
Айта кетейік, Alpha – жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастыратын бірден-бір бойзбэнд. Топ фандомы жұмылып, оларға түрлі тосынсыйлар жасап тұрады екен.
«Alpha»тобы:
-Міне, мен жақында бір интервьюға бардым, сол кезде маған берді. Сол кезде айтып қалдым, маған сағаттар қатты ұнайды деп, сол кезде сағат әкелді. Қатты қуанып қалдым.
Топ мемберлері тек құнды тартулар ғана емес, күмән тудыратын қауіпті сыйлықтар да алып көрген.
- Осы кезге дейін сендерге берілмеген сыйлық қалмаған шығар. Соның арасында бір күмән келтіретін күдікті, қауіпті сыйлықтар кездесіп пе еді?
«Alpha»тобы:
- Мынандай бір матада тігілген матаның ішінде бірдеңе болды да, прям толықтай тігілген. Ашатын жері жоқ. Соны түсінбей қойдық сол беті.
- Маған бір хат берген. Хаттың сыртында өте түсініксіз сөздер жазылып тұрды, сәл ұяттау. Ішін ашып қарасам, бір стикерлер болды, бірақ ол стикерлар ұятты болды.
- Біз негізі сәл өзімізге қауіпті боп көрінген заттарды байқасақ, сразу ашпауға тырысамыз. Қойып қоямыз лучше алыстан қарап жүре берейікші деп.
- Демек, матаның ішінде камера болуы мүмкін иә?
- Мәссаған, ойламаппын, может быть.
- Мүмкін бір дуаланған сөз болды ма деп ойладым.
- Тұмарлар беретін кездер болған. Бір странный, ішін ашсаң қайдағы жоқ жазулар, өмірі көрмеген шрифттар тұрады.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Alpha тобының 2 сағатқа созылған соло концерті осымен тәмам. Бойзбэнд жақында жаңа ән, тосын коллабтармен фанаттарын қуантпақ. Олай болса, жігіттерге сәттілік тілейміз!