«Набат операциясы» толықметрі шынайы оқиғаға негізделген. Лентаның сюжеттік желісі бойынша: автобусты кепілге алған екі басбұзар мен 30 жолаушының өмірі көрсетіледі. Картинаға жұмсалған қаражат 350 миллион теңгеден асып жығылады.
“Операция Набат” - екі жылдық үзілістен соң «Қазақфильм» ұсынған алғашқы лента. 1992 жылы еліміздің оңтүстігінде болған оқиға негізінде таспаланған. Толықметрді дайындауға киногерлердің екі жылға жуық уақыты кеткен.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
- Сезіміңіз қалай? Қобалжу бар ма?
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» АҚ президенті:
-Әрине, әрбір премьерада қобалжу болады, өйткені премьера деген праздник. Ал, көрермен қаншалықты баға береді, қаншалықты қабылдайды, қалай әсер етеді соның барлығына қобалжу болады, қорқасың.
Сатыбалды-тегі келер жылдың соңына дейін 12 лентаны көрермен назарына ұсынбақ.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» АҚ президенті:
-Қазір, міне қатарымен екі кино бастап жатырмыз. Одан кейін тағы екі кино фильм. Әрбір кезеңге екі - екі кинодан қойып қойдық, сондықтан бізде уақыт жоқ. Қазір біздің әріптестеріміздің жартысынан көбі кино алаңда жүр.
Картинадағы басты кейіпкер, құқық қорғау органы қызметшісін сомдаған Бақыт Қажыбаев кепілге алынған автобустың тізгінін қолына алғанда, нағыз қорқынышты сезгенін жасырмады.
Бақыт Қажыбаев, актер:
-Осы автобус көлігімен ана жүк көлігінің соғысатын сахнасы өте бір қиындық тудырды. Өйткені ол жерде, ойлаңыз, автобус ішінде бүкіл түсіп жатқан актерлар бар, режиссерлар бар. Оның ішінде операторлар, үлкен бағалы камерамен түсіріп жатқандықтан жауапкершілік өте орасан болды десем де болады
Ал, лентада жолаушыны сомдайтын Әйгерім Жүнісова, фильмде қарақшылардың бірі оны ашық түрде зорлайтынын айтады. Осы сахна үшін режиссерға ренжігенін жасырмады.
Әйгерім Жүнісова, актриса:
-Сол кезде мен кішкене менің ренжігенім бар, бірақ енді актриса болғандықтан, профессионально алып шығуға тырыстым ол ситуацияны қабылдауға.
-Кімге ренжідің, режиссерға ма айтпағаны үшін, жоқ әлде кастинг директорларға ма?
- Режиссерга да ренжідім, әріптесіме де ренжідім. Енді эмоционалды бір сезімде болғандықтан, ол кезде миың өшіп қалады ғой, сол үшін бәрін жау ретінде көресің да.
Кепілде қарақшылардың қолында қалған 12 адамның тағдыры не болмақ? Құзырлы орган қызметкерлері түрмеден қашқан қашқындардың талабын орындай ма?