«Қораға кірдік» фильмі – Juzzefina-ның алғашқы ауқымды жобасы. Блогер бұған дейін бірнеше сериалдарда бой көрсеткен. Жұлдыз Жауынбаева кино жобаға қалай келгенін айтып берді.
JUZZEFINA, блогер
- Негізі кастинг болды иә. Олжас оған дейін 1-2 тағы да шақырған кино түсірілімдерге менің графигім бойынша келмей қалды да, кейбіреулеріне өзім согласия бергім келген жоқ. Маған ұнаған жоқ. Бірақ үшіншісінде өзім түсіндім да то что приципе маған ұнап тұр.
Айта кетейік, Juzzefina – небәрі бір жылда желіде ауқымды аудитория жинай алған блогерлердің бірі. Оның инстаграм парақшасында бүгінде 500 мыңға жуық фолловері болса, TikTok плафтормасында 345 мың оқырман және 22 миллион лүпілі бар.
JUZZEFINA, блогер
- Мен сіздерге айта кетейін өзім блогер болғаныма 1 жылдан асты. Эмоционалды түрде, моральды тұрғыда өте қатты зардап шегесіздер, себебі күнделікті халыққа күліп бүйтіп камераға шығып отыру, оның сыртында сенің жеке өмірің тайталасқа түседі да ана жерде.
TikTok арқылы танылған Juzzefina алғашында біраз хейттің астында қалған. Оның желіде ойын ашық білдіруі, өзін тым еркін ұстап, балағат сөздер айтуы кереғар пікірлерге себеп. Бір қызығы Жұлдыз «Қораға кірдік» фильмінде режиссердің өтінішімен өмірдегі шынайы болмысымен өзін сомдап шыққан.
JUZZEFINA, блогер
- Ол жерде менің анандай бір қатты әкетіп бара жатқан рөлім болған жоқ бір қызды ойнап андай бір ибалы инабаты қыздың рөлі болған жоқ. Кәдімгідей менің өміріме кішкене сәйкес келетіндей рөлде болдым.
LifeStyle блогер сондай-ақ, «Қораға кірдік» фильмінің аясында ұсынылған шоу-подкасттың алғашқы қонағы атанды. Блогер YouTube жобада экс-жігітімен болған оқиға жайлы айтқан-ды. Мән-жайды бізде анықтадық.
JUZZEFINA, блогер
- 2022 жылы болған. Менің ең соңғы қарым-қатынасым ер жігітпен, сәтсіз болды. Бірақ та мойымаймын себебі үлкен маған сабақ болды. Бірақ та кішкене бір 2 миллион ақшамен кетіп затпен 1 миллиондай кетті сонымен 3 миллиондай қарызға кіргізіп кетті. Бірақ та мойымаймын себебі ол ақша барлығы маған қайтып келді басқаша жолмен.
Жұлдыз Жауынбаева осылайша алаяқтың құрбаны болған. Тіпті оның экс-ғашығы күш көрсетіп, қол көтеруге дейін барған.
JUZZEFINA, блогер
- Кішкене ұрып жыққаннан кейін, қатты сескеніп қалдым еркектерден, үйден шыға алмаған кездер болды. Одан кейін психологпен бірге жұмыс істедім, сол трамваларды. Себебі еркек адам жоласа айқайласа бірден уже менде паника басталып кетеді, қазір ұрып қалса мен талып қаламын, бірнәрсе болып қалады деген страх болатын өмір бақи.
Бұл оқиға Жұлдызға үлкен сабақ болған. Блогер мұндай жағдайға тап болмас үшін қыздарға өзінің кеңесін берді.
JUZZEFINA, блогер
- Өзім аңқаумын да енді, қыздарға айтамын аңқау болмаңдар, жұлып жеңдер, ұялмаңдар, ұят деген сөзді ұмытыңдар деймін да ондай жағдайда, өйткені керек емес кезде біздің қыздар ұялып қалады. Қыздар өздеріңе абай болыңдар және де ұлдардан да қу болуға тырысыңдар.
Ал Джузи бой көрсеткен «Қораға кірдік» комедиясы 23-ші мамырдан бастап үлкен экрандарға шығады.