Балжан Бидаш хейт жазатын фоллоуерлеріне қандай жаза қолданбақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Балжан Бидаш, әнші:

- Автордан маған дайын күйінде алдым, сөзімен, әнімен. Ол кісі сондай бір состояниеден өтіп, сол әнді жүрегімен шығарған. Сөзі барлығын өзі шығарып, Балжан менде осындай ән бар, келетін сияқты көрші деген кезде сол әнді тыңдап бірден ұнаттым да. Алдым да барып сол әнді жаңадан бастап, музыкасының аранжировкасын барлығын жаздым. Өзіме қатты ұнады.

- Қазір енді сіздің графигіңіз өте тығыз ғой. Үзілістен кейін бірден шығармашылығыңызды қолға алып кету қиын боп жатқан жоқ па?

Балжан Бидаш, әнші:

- Жоқ, керісінше өте кайфово, вайбово деп қояйын. Күшті боп жатыр шүкір.

Айта кету керек, соло мансабына білек сыбана кіріскен Бидашканың қазіргі таңда жеке продюсері жоқ.

Балжан Бидаш, әнші:

- Продюсермен жұмыс істемеймін. Өзіме өзім продюсермін. Бірақ Руслан деген кісі Айридің продюсері сол кісі менің концерттеріммен, графигіммен сол кісі айналысады. Ол кісі менің әндерімнің жарнамасымен, ютубқа салу барлық жағымен сол кісі айналысады.

«Жетістікке жетіп, алға қадам басқан сайын, артымнан ерер сөз де көбейді» - дейді Балжан. Десе де, әртіс айтылған сындарға мән бермеуді жөн санайды екен.

Балжан Бидаш, әнші:

- Оқып қалып жатамын, бірақ енді публичный адам болғаннан кейін онсыз болмайды. Успех бар жерде, әрқашан хейт та болады. Ол нормально. Енді әркім өз пікірінде жазып жатар, көре алмай әдейі менің жынымды шығару үшін де жазатындар бар. Оның бәрін біліп отырамыз ғой.

- Демек, ондайларға мүлде ашуланбайсыз иә?

- Жоқ, жай ғана оқимын да, блокқа салып тастаймын.

- Иммунитет қалыптасқан иә?

- Иммунитет Кешью тобынан қалып қалған ғой.