Бағлан Әбдірайым қарызға белшеден батқан!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бағлан Әбдірайым әлі казино жағалап жүр. Бағлан қайтадан қарызға белшеден батқан. Ақшамды қашан қайтарасың?,-деп қаумалағандарға Әбдірайым-тегінің айтар жауабы бар...

«Зеро. Қарыз» лентасына Әбдірайым-тегі 217 миллион теңге жұмсаған. Екінші түсірген картинасы банкрот қылғаннан кейін: «Бұл лентаны намысқа тырысып таспаладым. Қиындықтар болды»,-дейді.

Бағлан Әбдірайым, кинопродюсер, әнші:

Бірінші, екінші күнгі съемкамызда көму сахнасы басталған. Күн салқын. Екі күн кәдімгі топыраққа көміп, екі күн түсірді. Сол бірінші күнгі топыраққа көмілген сахнамыз өшіп қалған ғой. 10 күннен кейін ба, қайтадан барып сол сахнаны түсірдік. Ол кезде күн тағы да әжептәуір суып кеткен. Сонымен бас аяғы үш күн топыраққа көміп тастады ғой.

  • Қалтаға да әжептәуір ұрған шығар?
  • Енді бір күндік шығынымыз 4,5 миллион теңге ғой.

Сиквелдің екінші бөлімінде де төбе көрсететін Еркебұлан Тоқтар да, кезінде азартпен ауырған атақтылардың қатарында. Бірақ актер: дер кезінде қойып кете алдым,-дейді.

– Білуімше, сен де танымалдылығың артқанға дейін лудоманиямен ауырдың иә?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Иә, иә лудоманиямен ауырдым. Қарыздарым көп болды. «Зеро. Қарыз» деп тұр ғой. Не сұрақ еді?

  • Лудомания ғой. Қалай келдің оған?
  • Қалай келгенде, біраз тренировка жасап деп қоясың ғой. Қалай келесің оған, бір кіресің, екі кіресің, үш кіресің, төрт кіресің. Сөйтіп кіріп кетесің ғой. Ақыр аяғында последний ақшаларыңды салып тастайсың.

Адам «Зеро. Қарыз» толықметрінің саундтрегін Бағлан Әбдірайымға тегін берген. Әншінің өзі: менің азартым сәл басқаша,-дейді.

– Лудоманияға көзқарасың қалай? Мүмкін сен де дәмін татып көрген шығарсың?

Adam, әнші:

– Дәмін татып көрмегенбіз. Татып та көрмей-ақ қояйық деймін. Өйткені азартқа жоқпын. Аллаға шүкір.

  • Ат азарт емес па? Аттарды жақсы көресің ғой сен.
  • Ол дұрыс азарт деп ойлаймын. Мынандай бір мақал бар: атқа мінген ауырмайды дейді. Атпен ауырған жазылмайды дейді. Сол жазыла алмай жүрміз енді.

– Сіздің берген ең үлкен қарызыңыз ірі көлемде?

Төреғали Төреәлі, әнші:

– Көп.

  • Айтайық та енді.
  • Көп, көп, көп. Айтпайық. Оны ұмытып қалайық.
  • Сіз ұмытып кетесіз иә? Негізі айтады ғой, қарызды үш ретке дейін сұрау керек деп.
  • Жоқ.
  • Қандай күшті. Сізбен дос болу керек қой.
  • Дос болсаңызшы.

Фильмнің Алматыдағы жабық көрсетілімі аншлаг болды. Тіпті танымалдар кинозалдың табалдырығын аттай алмай, аз кем күтіп қалды.

– Коридорда не істеп тұрсыз?

Нышанбек Жұбанаев, актер:

Орын жоқ. Ойлаңызшы, қандай ажиотаж болып жатыр.

  • Нышанбек Жұбанаевқа үлкен кинозалдан бір орын табылмады?
  • Прикинь. Мен емес даже мына жақта вообще үлкен актерлар жүр. Енді оларға табылатын шығар.
  • Ренжімейсіз ба?
  • Жоқ. Не үшін? Ана жерде тағы бір орынды решать етіп жатыр деген. Шешетін шығар. Шешпесе ничего ана бұрышқа лестницаға барып отыра саламыз. Мы люди скромные.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– «Зеро. Қарыз» фильмінде казино – тағдырын талқандаған жандардың өмірі көрсетіледі. Шиеленісті оқиғалардың шешімі қандай болмақ?