«This art of being a woman» яғни «Әйел болу – өнер». Бұл «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының биылғы ұраны. Әдемілікті әспеттейтін ауқымды жоба енді талантты қыздарға іздеу салады. Оның ішінде: қайырымдылық, әлеуметтік тақырыптар және спорт саласында өздерін көрсете алған бикештер болуы тиіс.
Кәмшат Әкімқожақызы, «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының PR директоры
- Өнер дегеніміз ән айту би билеу емес. Жалпы өнер, жалпы шығармашылық, қазақ қыздары өнерде қандай өнер көрсетіп жүр. Финалға қатысқанға дейін қайырымдылық шараларына қатысу керек, өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін көрсетуі керек. Поэзия болуы мүмкін, сурет өнері болуы мүмкін, қолөнер болуы мүмкін.
Белгілі тақырыптан бөлек, сұлулық сайысы стандарттардан ауытқымайды. Әлемдік нарықта қойылған талаптар, қатысам деп ниет білдірген қыздарға да айтылмақ.
Кәмшат Әкімқожақызы, «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының PR директоры
- Таңдап алынатын регламент бойынша қыздардың жасы 18-25-ке дейін болуы керек. Бойлары 165-тен жоғары болуы тиіс. Ең басты талабымыздың бірі ол қыз жаңағы Қазақстан азаматы болуы тиіс және тұрмыс құрмаған.
Мамырдан бастап қыркүйек айына дейін жалғасатын кастинг еліміздің барлық аймағында өтеді. Іріктеу - онлайн және оффлайн форматта, 2 этаптан тұрады.
Диана Әбішева, «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының кастинг директоры
– Қазіргі таңда стандарттар заман ағымына сай өзгеріп жатыр. Яғни біз тек сұлулығына ғана қарап қоймай, өмірлік ұстанымына, жасап жүрген игі істеріне және харизмасына қараймыз. Елдің намысын әлемдік нарықта қорғайтын ару кез-келген жанды өзіне баурап алуы керек.
Соңғы жылдары «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының ауқымы кеңейген. Мәселен еліміздің атынан 2023 жылы «Жер аруы» сайысына қатысқан Дильназ Тилаева әлем бойынша 120 қыздың арасынан «Vice Miss Erath» атағына ие болды. Дильназ енді биылғы конкурстың ресми елшісі.
Дильназ Тилаева, Vice Miss Erath – 2023
– Біріншіден бұл жоба әр қызды дисциплинаға үйретеді. Байқауға дейін және кейін деп қарасаңыз, қатысушылар жақсы жаққа қатты өзгереді. Бұл бізді тәрбиелейтін мектеп сияқты.
Ал тәж үшін таласқа түсетін аруларды қараша айында өтетін ақтық сайыста көре аламыз.