Түрлі әуенмен көмкерілген «Музыка большого города» балалар фильмінің жабық көрсетілімі қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Арманыңа адал бол! «Музыка большого города» фильмі – алға қойған мақсат жолында тыңбай еңбек етуді үйрететін отбасылық комедия. Фильмде түрлі жастағы кейіпкерлердің барлығын тек кішкентай балалар сомдап шыққан.

Образдар түрлі гримнің арқасында жүзеге асқан.

София Балгазина, актриса

- Бірінші рет қиын болған жоқ. Бірақ менде ол бірінші рет көргем ғой фильмде тек қана кішкентай ойнайтынын. Бірақ қиындық болмады.

1 ай бойы таспаланған толықметрдің режиссері - Азамат Абдильдинов. Еске салсақ, киногер кішкентай балаларға актерлық шеберліктен сабақ береді.

Азамат Абдильдинов, режиссер

- Фильмнің басты месседжі – бойыңда талантың болса, ешқандай кедергіге қарамай, мақсатыңа қол жеткізу керек екенін үйретеді. Армандау балалық шақтан басталады, оған адал болуың керек.

 

Отбасылық комедия – Нұрлан есімді ауылдың қарапайым баласы жайлы. Ол музыкалық байқауларда бағын сынау үшін қалаға келеді. Бірақ балақайдың сапарында түрлі кедергілер кездеспек. Басты кейіпкерді ойнау – Мирас Максимовке бұйырған.

Мирас Максимов, актер

- Үлкен экраннан өзімді көрген кезде өте қуанышты сезімде боламын. Мақтаныш сезімі. Бірақ бұл әлі біздің жоғарғы жетістігіміз емес. Біз одан әрі тағы жұмыс істеп одан да жақсы жетістіктерге жетеміз деген ойдамыз.

Мирас болашақта кәсіби актер болсам дейді. Ол тіпті фильмнен алған гонорарын өзінің өнеріне инвестициялаған.

Мирас Максимов, актер

  • Мен өз гонорамыды былайша айтқанда өзіме және де отбасыма пайдаландым өз қаражатымды. Яғни мен мысалы түрлі сабақтарға барамын. Музыкалық мектепте оқимын және де вокалға барамын. Осының барлығына ақшамды төлеп* өз ақшамды салған болатынмын.

Лентада әйгілі «Үркер» тобының хиттерін кішкентай балалардың орындауында тыңдай аласыз. Сондай-ақ, 30 жылдық тарихы бар рок-ұжымның солисі Айдос Сағат туындының композиторы.

Айдос Сағат, «Үркер» тобының әншісі

– Алғашында жоба авторлары «Үркер» тобының әндерін беруімізді сұрады. Себебі туындыдағы музыкалық байқауларға біздің композициялар қолданылуы тиіс екен. Бірден келістік, осылайша мен картинаның композиторына айналдым.

Ғажайыпқа толы «Музыка большого города» картинасы 1-ші мамырдан бастап үлкен экрандарда жарық көреді.