Түңгі ойын-сауық орталығында бейтаныс аруларға қырындаймыз, кешті көңілді өткіземіз деген екі жігіт ойламаған жерден құлдыққа түседі. Оларды тұшпара түюмен айналысатын кәсіпкерлер, қара жұмысқа салады. Бұл шынайы оқиғаға негізделген «Қораға кірдік» фильмінің сюжеті. Лентаның алғашқы трейлері жарық көрді.
Түсірілім барысында түрлі жайт орын алған. Мәселен Мансұр Серіковтың орынсыз қалжыңдарын көтере алмағандар да болыпты. Солардың бірі, Біржан Чопбаев. Тіпті танымал екеу өзара текетіресіп қалған. Мансұрдың орынсыз келемежінен шаршаған Біржан, бұдан былай онымен бір алаңда жұмыс істегісі келмейді екен. Бұл ақпаратты актердың өзіне айтқанымызда, жауаптан жалтарды, қысқа қайырды.
Әбілмансұр Серіков, актер
- Оны қайдан біліп қойдыңыздар десең....
Еске салсақ, 2014 жылы елімізде еркінен тыс тұшпара түйіп, құл болған жандардың хикаясы ақпарат беттеріне шыққан еді. Туындыға осы оқиға негіз болған.
Олжас Нұрбай, режиссер, продюсер
- Бұл өте абсурдный ситуация сияқты да болған оқиға және тек қана бізде Қазақстанда болатын сияқты да. Держалась только на том что никто не писал заявления в полицию, понимаете ол поставленный бизнес болған ғой.
Жігіттерді күшпен ұстап, тегін жұмыс істететін кейіпкерлерді – Ерболат Әлқожа мен Әбілмансұр Серіков ойнайды.
Әбілмансұр Серіков, актер
- Мен осы системаны құрған адамдардың бірімін.
Ерболат Әлқожа, актер
- Неге құлдыққа ұстап отырсыз жігіттерді?
- Енді жұмыс күші тегін ғой, соған байланысты.
Әшім Ахмет, актер
- - Кім-кімді қинап ұстап отыр?
- - Менің түріме қарасай, сонда қинап ұстайтын адамдарға ұқсап тұрмын бірақ, бұл жолы мені қинап жатыр... мына екеуі....
Біржан Чопбаев, актер
- Бізде черный юмордың мастері бар, ол кісі ар жағыңызда отыр...
- Черный юмор болғанда негізі өтімді өтімді нәрсе черный юмор болып жатыр ғой, өйткені шынайлылық көп та. Мына жақта шынайлылық өмірдегідей «е саламалейкуім е», деп қойып ше, сонысы ұнады. +18 қой, 18-ден жоғарыларыңыз келіңіздер, кішкентай балаларыңызды әкемей-ақ қойыңыздар.
Толықметр идеясы - «Сәке», «103», «Мошенники» сынды тренд туындылардың режиссері – Олжас Нұрбайға тиесілі. Картинада Олжас өзі актер, сценарист, продюсер. Тіпті режиссер де өзі.
Олжас Нұрбай, режиссер, продюсер
- Біріншіден ол кезде менің режиссерлық білімім болған жоқ, екіншіден мен өзімнің бірініш толықметражды киномды түсіруге асыққан жоқпын.
Шытырманға толы «Қораға кірдік» фильмі 23-ші мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында жарық көреді.