Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Сен маған хат жазуды ұмытпа,
Хабар күтемін сенен әр апта.
Мына өлеңнен кейін, көзіме ностальгия түсіп кетті ғой. Бүгін Алл давай тобының жаңа құрамының таныстырылымындамыз. Камбэк!
Алл давайдың продюсері Шоқан Маратұлы. Топқа: Арман Бектұрғанов пен Михаил Шудабаев есімді жігіттерді алған. Арман бұрын КВН ойнаған. Ал Михаил музыкант. Олар екі аптада 5 ән жазыпты. Шоқан мен Шудабаевтың туыстық қарым қатынасы да бар болып шыққан.
Шоқан Маратұлы, «All давай» тобының мүшесі:
– Михаилмен туыс болып шықтық. Сосын оны Алматыға шақырдым, топқа тарттым. Анасы: ұлыма үлкен ағасы ретінде қарайласып жүрші деп өтініш айтты. Жарайды,-дедім.
– Қателеспесм, 44 жастасыз. Өте жас көрінесіз. Спортпен белсенді түрде шұғылданатыныңызды білем. Қартаюдан қорқасыз ба?
Шоқан Маратұлы, «All давай» тобының мүшесі:
– Жоқ, қартаюдан қорықпаймын. Өйткені одан қашып құтылу мүмкін емес. Әр жасты, әр жылды әдемі қарсы алуға болады деп ойлаймын. Адамдар өздерін күтуі, көп ашуланбауы керек.
Арман Бектұрғановтың топқа қосылғанына 2 ай болған. Қостанайдан арнайы Шоқан Маратұлының шақыртуымен келген. 2000 шақырымды көлікпен еңсерген.
– Шоқанмен қайдан, қалай таныссыздар?
Арман Бектұрғанов, «All давай» тобының мүшесі:
– 11 жыл таныспыз. 11-12 жыл. Ол кезінде 2013 жылдары Қостанай қаласында концерт беріп, келді. Сол Алл давай тобымен бірге. Солай таныстық. 2000-шы жылы күт мені деген әні шықты. Сол кезден бастап Алл давай тобының мен фанатымын.
Ал Михаил Шудабаев 30 жаста. Анасы, нағашылары қазақтар. Өзі Санкт-Петербург тумасы. Алматыға қоныс аударғанына екі жылдай болған. Михаилдің жұмыстарын көрген, Шоқан өзі байланысқа шығып, оны топқа шақырған. Шудабаев құрамда ән айтпайды. Бірақ аспаптарда ойнайды және әуендердің жазылуына атсалысады. Бір қызығы Миша бұған дейін Алл давайдың тректерін тыңдамаған. Тіпті бейхабар болып шықты.
Михаил Шудабаев, «All давай» тобының мүшесі:
– Жоқ. Тек екі әнін естігенмін. Бірақ топтың тарихын, қай жақтан екенін білмеппін. Шоқанмен тікелей танысқанда ғана бәрін айтып, көрсетіп берді. Маған қатты ұнады. Көзқарасымыз да бір жерден шықты.
– Жалпы Аll давай тобын тыңдайсыздар ма? Неше жастарыңыздан бастап?
Nurik Smit, рэпер:
– Ой, прямо кішкентай кезімнен, мектеп кезінен бастап. По идее эксклюзив бар. Бұрын фокусник болып жұмыс жасағам. Мені Атырау қаласына шақырды бір закрытый вечеринкаға. Сол кезде бізге большой домик снимать етті. И сол бір домикта мен тұрдым. Қасындағысында Шоқан брат тұрды короче.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– All давай-дың тарихы 2000-шы жылдардан басталады. Ширек ғасыр. Құрам талай рет өзгерді. Ал бұл жігіттердің топтағы тағдыры ұзақ болсын деп тілейміз!