Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Араға ат төбеліндей жыл салып, бүгін Тұрар Ыдырыстың Республика сарайындағы концертіндеміз. Әдеттегідей жанды дауыс, оркестр.
Тұрардың биылғы туры 11 қаланы қамиды. Алғашқы концерт Алматы. Одан кейін Талдықорған, Шымкент, Қызылорда. Кештен түсетін теңгенің белгілі бір бөлігі, су тасқынынан зардап шеккен облыстарға жіберіледі,-дейді кеш жүргізушісі Дәулет Исраил.
– Тұрармен 5-6 жылдан бері доссыңдар. Тұрардың қандай кереғар қасиеттері бар?
Dake ZZZ, блогер:
– Ол полноценно ұйықтағанды жақсы көреді. 8-9 сағат ұйықтауы керек. Ұйықтамаса, настроениесі жоқ ыыы деп жүреді да.
- Ашулана ма?
- Ашуланады. Тұрардың болашақ әйеліне хабарландыру: ұйықтат максимально.
Тұрар Ыдырысты қолдап келген достарының қатарында Калифарния да бар. Әнші кішігірім ақпаратпен бөлісті.
– Фит жазу ойда бар ма Тұрармен?
Кalifarniya, әнші:
– Конечно. Негізі фит жазу жалғыз Тұрармен емес. Тұрар, Мирас, Әміре, Қанаймен ойда бар. Просто біз бәріміз бір жиналып отырып қалатындай уақыт болмай жүр.
Бұл кеште екі бірдей ән орындаған Мирас Жүгінісов сахнаға қызуы көтеріліп тұрса да шықты. Концертке дейін дәрігерге екпе салдырды.
– Мен білетін Мирас, қандай іс-шарада болмасын барлық әндерін жанды дауыста айтады. Бүгін енді ангинаң қолайсыздық тудырмай ма?
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Білмеймін мен қазір қалай болатынын, тамаққа не жасауға болады, барлығын жасап сахнаға шығайын деп жатырмыз.
Тұрар сахнада Сара Амагелдімен де дуэт орындады. Қос жұлдызды жұп көретін жұрт үшін бұл, тосынсый болғандай.
– Негізі халық екеуіңді қосады ғой.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Мені кіммен қоспай жатыр құрсын.
– «Жақсы көрем» деген дуэт жаздыңдар.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– «Жақсы көрем» деген дуэтті айтамыз иә.
- Кімді жақсы көресің сонда? Сараны ма?
- Ол әнде Сараны жақсы көрем.
– Екеуің сендіріп ойнайтындарың соншалық біз мына жақта экранның артынан көріп отырып, сахнадан көріп отырып «Ымм» деп екеуіңді шипперить етіп отырамыз.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Дұрыс қой. Заңды нәрсе ғой. Екі басы бос бойжеткен мен жас жігіттің болған кезде барлық нәрсе солай шипперить етіледі ғой. Шипперить деген сөздің мағынасы сонда емес па? Мен оған үйреніп қалғам. Бұрын бүйтіп не істейтін едім. Жұмыс ретінде қараймын қазір.
– Тұрар екеуіңді жұрт қосады негізі.
Сара Амангелді, әнші, актриса:
– Тұрар өте жақсы жігіт. Мен бұрындары ойлайтынмын өзінше деп. Енді біз қатарласпыз ғой. Жасымыз бір болғаннан кейін көбісі қосып жатады. Бірақ бізде тек творческий ғой отношение, творчестволық. Даже мен ойлаймын да, кездессек те айтпаймын мен. Шынымен. Ол деген секрет болады.
– Негізі Тұрар, Гүлнұр Мамасарипованың, Гүл әпшенің яғни сенің анаңның фильміне түсті. Саундтректерін жазып жатыр. Тұрарға көзқарасы қалай? Не дейді?
Сара Амангелді, әнші, актриса:
– Мама ма? Негізі риза. Мен де Тұрарға ризамын. Анандай болады ғой, еркек сияқты. Мінезі бар. Осы концертіне шыға алмай, басқа жаққа кетем деп. Сосын айтты маған: Сара сен мені кидать етейін деп тұрсың ба не деп. Сосын барлық шетелге алған визамның бәрін отмена беріп, билеттерімнің бәрін тапсырып...
- Қайда баратын едің?
- Шетелге, полный ЕУРО тур. Бір ауыз сөзі ғой шынымен де.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Міне осымен 2 сағатқа созылған ән кеші тәмәм. Тұрардың туры әрмен қарай жалғасын таппақ. Алда 11 қала бар.