Эксклюзив! Мұғалімдіктен Дуа Липаға дейін бір-ақ қадам! Eraholic биті үшін мега жұлдыздан қанша қаражат талап етті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаһанның ең ықпалды 100 адамының бірі, «Brit Awards» пен «Grammy» иегері Дуа Липаның әр альбомы миллиондап тираждалады. Кезекті «Radical optimism» үнтаспасындағы 11 тректтің 7-еуі Eraholic жазған битке өңделген. Деседе, олар өмірде дидарласпаған. Тек, британдық поп-орындаушының командасымен отандасымыз онлайн жұмыс істеген.

Eraholic, битмейкер

- Вообще переписка была с командой, то есть Dua Lipa management деген өзінің тобы, сол кісілермен хабарласып, тек пока ешқандай эмоция жағын айтқан жоқ, ұнады деп айтқан жоқ. Купили забрали, альбомда болады деді. Как говорила наша Роза Рымбаева, какая-то доля везения тоже должна быть на самом деле, мен оған келісемін.

 

Ерқанат Ерғазыұлы – Абай ауданы, Қарауыл ауылының тумасы. 27 жастағы битмейкердің негізгі мамандығы биология пәнінің мұғалімі. Музыканы хобби еткен, әуесқойлықпен үйренген.

Eraholic, битмейкер

- Мен енді биология мұғалімімін, осы жұмысты тастамаймын. Бұл жұмыста да мен мұғалім жағынан да өскім келеді.

 

Eraholic алғашқы битін небәрі 2000 теңгеге сатқан. Бүгінде музыканттың прайсында әр трекаут кем дегенде 80 мыңнан басталады. Ал, Ера Дуа Липаға сатқан биттері үшін 500 доллар ғана гонорар алған.

 

Eraholic, битмейкер

- Общий баға тұрған и 500 долларов. Бірақ ол медиа жағынан өте маған көп пайда әкелді да, заказдар көп түсіп, жаңағы ақтап алды деп айтуға болады.

 

«Дуа Липа – әлемдік нарыққа жол ашты,» - дейді Eraholic. Британдық әншімен коллаборация битмейкерге деген сұранысты арттырған.

Eraholic, битмейкер

- Қазір вот «Время и Стекло» деген топ, украиналық, Дорефеева Надя. Қазақстандықтардан вот пока Бақтияр Jah Khalib, ИК.

Қала берді, «ИК»-лық Азамат Маркленов Ераны арнайы Алматыға шақырып, ортақ жоба жасауды ұсынған. Музыканттар келешекте жаңа трек шығармақ. Ерқанат «Ирина Кайратовна» сынды өзгелер де қолдаса екен деген тілегін жеткізді.

Eraholic, битмейкер

- Есть популярное мнение, пока не стрельнешь зарубежом, тебя здесь не заметят деген сияқты. Мен мысалы 1-2 әртісті, аттарын айтпай-ақ қояйын, мен ол кісілерге жазғанмын баяғыда, давайте работать, высылал жұмыстарымды, холодно так отвечали, либо вообще не отвечали. Сейчас я вижу, что они сами пишут, я принципиально не овтечаю.

 

Ал Ерқанат Ерғазыұлы атсалысқан Дуа Липаның жаңа пластинкасы 3-мамыр күні жарық көреді.

Eraholic, битмейкер

- Барлықтарыңызға көп рақмет, қолдап жатқандарыңызға. Бәріңізге сәлем, Абай ауданы, Қараауыл ауылы, достарыма, әке-шешеме, мама, я в телеке!