Қазақ еліне +1 батыр! «Бір болайық»-тық Әлібек пен Камила атұстарларын перзентханадан шығарып алды! Камиланы қымбат перзентханада босандың деп сөккен кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- 3 келі 800 грамм. 55 см. Бұл - Әлібек пен Камиланың атұстарларының салмағы мен бойы. Бүгін перзентханадамыз. Дәл қазір шыр етіп дүниеге келген Асыл Әлібекұлымен танысатын боламыз!

- Осы жолы босану қиын болды дедіңіз. Неліктен? Бұл дұрыс күтінбегендіктен ба әлде басқа да себептер бола ма бұндайда?

Камила Саянқызы, «Бір болайық» телешоуының жүргізушісі:

- Екіншіде кәдімгідей ащы толғақтың көкесін көрсетті. Біріншісінен де оңай болады екіншісі деп айтатын еді, жоқ олай болған жоқ. Тұңғышымды босанған кезде бәрі оп-оңай сияқты көрінген еді. Осы жолы біраз қиналдық.

Әлібек пен Камила ұлдарына есім таңдауда ұзақ ойланған. Еске салсақ, олардың тұңғышының аты – Алан. Жұлдыз жұп Аланның ізінен ерген бөбекті «Асыл» деп атаймыз деп шешкен.

Камила Саянқызы, «Бір болайық» телешоуының жүргізушісі:

- Отбасымыздағы ең басты 3 ер азамат қайынатам, өзімнің әкем және жолдасым Әлібек, үшеуіне де Асыл деген есім бірден жаңағыдай жылы көрініпті.

- Ұлыңыздың есімі Асыл екен. Бұны ең бірінші боп бізге айттыңыз. Неліктен ұлыңыздың есімін көпшілікке жариялағыңыз келмеді?

Әлібек Боранбай, блогер:

- Бірінші негізі сіздерге де айтпай-ақ қояйын дегенмін. Сіздер салмағын сұрағаннан кейін бәрін айта салдым. Көп адам білмейді, ешкім білмейді. Ата-анам ғана, біз ғана білеміз болды.

- Бүгін бүкіл команданы жинап, Әлібек пен Камиланың қуанышына ортақтасып келдіңіздер иә?

Шаһ-Керім Кәрмен, «Бір болайық» телешоуының жүргізушісі:

- Иә, әрине енді үнемі айтамыз ғой, «Бір болайық» жай ғана жоба емес, кішігірім отбасы деп. Шын мәнінде, осындай қуанышты сәттерде бәріміз бірігіп, Әлібек пен Камиланың отбасында тағы бір балапаны дүниеге келгені біз үшін үлкен қуаныш. Енді кем дегенде Әлібек пен Камиланың 10 рет құттықтаймыз деген ниетіміз бар. Енді 8 қалды.

- Сүйінші хабарды кімнен естідіңіз?

Шаһ-Керім Кәрмен, «Бір болайық» телешоуының жүргізушісі:

- Әкесінен естідім. Эфирде отырған жерде дәл сол жақта студияға қателеспесем 13:45-те хабарласты. Сүйінші Шәке ұлды болдым деп. 13:46-да біз оны эфирде құттықтадық.

- Бізге Әлібек айтқан болатын. Баланың есімін әзірге ешкім білмейді деп. Кім деп қойды деп ойлайсыз?

- Енді менің ойымша сол А әріпінен басталатын бала шығар енді. Алан, әрі қарай сөйтіп жалғаса беруі керек. Точно Шахкерім емес.

Әрдайым әйеліне бар жағдайды жасайтын Әлібек бұл жолы да дәстүрінен жаңылмай, Камиланы жайлы перзентханалардың біріне орналастырды. Қызмет құны 1 миллионнан асып жығылған. Мұны көрген Саянқызының оқырмандары үнсіз қалмады. «Қымбат мекемеде босанғаныңды көрсетіп, мақтанбасаң болмай ма?»-деп пікір жазғандар да табылды.

Камила Саянқызы, «Бір болайық» телешоуының жүргізушісі:

- Енді картинкадан қараған кезде демалыс орнында жатқан сияқты көрінеді әрине. Бұл енді әйелдерге мотивация болсын деп салып жатырмын. Кейбір негатив жазып жатқан әйелдер де бар. Менің айтқым келетіні, мен бір байдың қызы шалқып өмір сүрген немесе байдың әйелі емеспін. Өзіміз 39-шы аптаға дейін тоқтамастан жұмыс жасап, қазір енді сол еңбектің жемісін көріп жатырмыз.

- Үйге барғаннан кейін 40 күн күтіну деген бар ма әлде бірден қонақ күтіп кетесіз ба?

Камила Саянқызы, «Бір болайық» телешоуының жүргізушісі:

- Жоқ, міндетті түрде 40 күн күтіндіреді. Ол жағынан менің енем молодец кісі ғой. Қазір бара салысымен түсіретіндерімізді түсіреміз. Қонақ болғанда енді ата-анам барады ғой. Бірден тамақ ішіп болғаннан кейін басқа орамал, жатқызып қояды, шілде терімді әбден шығарып, 40 күн толықтай күтіндіріп, сорпамды ішкізіп, қалжамның бәрін жегізіп. Ол жағын толықтай атқарады, енді біріншісінде көрдім ғой.