Ұлттық фольклордың інжу-маржаны, мәдени мұра, қазақ кино өнерінің төлқұжаты – Қыз Жібекті қайта экранға шығару идеясы – Азамат Сатыбалдыға тиесілі. «Қазахфильм» президенті алтын қордағы айтулы картиналарды цифравизациялап, мұрағатта ұзағырақ сақтауды көздейді. Заманауиланған соң, жарты ғасырлық тарихы бар туындыны кинотеатрларға шығарған.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Біз кеше ғана Ресей министрімен сөйлесіп, сол жақта Белые столбы деген өңірде «Гос.фильм фондта» біздің бүкіл фильмдарымыздың исходниктары бар. Биыл біз 11 фильмді 4К форматқа ауыстырамыз.
11 фильмді 4К-ға ауыстыру деген 1 жылдың шаруасы. Біз енді бұндай мүмкіндікті жіберіп алмайық деген ниетпен өзіміздің алтын қорымызды сапалы киномен толтырайық деген ниетпен, осыны бастап кеттік.
1968 жылы режиссер Сұлтан Қожықов Қыз Жібекті 400 арудың арасында катинг жасап іздеген еді. Соңында, Алматыдағы №66-шы мектептің 10 сынып оқушысы Меруерт Өтекешованы таңдады. Актриса бүгінде 73 -ке толды. Бірақ ғұмыры фильммен әлі де біте қайнасып келеді.
Меруерт Өтекешова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
- Жалпы киномызға уже 50 жастан асты экранда! Құдай бұйырса келесі жылы Құман ағамызға арналған кітап шығады, «Қыз Жібек» фильміне документальді фильм түсірдім. Сондықтан ары қарай өмір жүріп жатыр. Құдай бұйырса күзде премьера жасаймыз.
Картина сцеанрисі Ғабит Мүсірепов Бекежан рөліндегі Асанәлі Әшімовтің мысы Төлегенді басып кетеді деп Сұлтан Қожықовпен дауласып қалған еді. Дегенмен, Құман Тастанбеков те, Асанәлі Әшімов те сенімге селкеу түсірген жоқ.
Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:
- Тарих, уақыт бәрі өтіп жатыр, талай дүние кетіп жатыр, қызықтар да шыжықтар да болып жатыр. Сондықтан соның бәріне куә болып жатыр «Қыз Жібек». Талай халыққа тарады, елді елге танытты, мәдениетімізді көтерді. Өнерімізді асытты. Сондықтан фильмге реніш жоқ, қуаныш бар.
Сапалы форматқа өңдеп, үлкен экранға қайта ұсынылған көркем фильм прокатта бір апта ғана жүреді. Ал көрсетілімнен түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» киностудиясының президенті:
- Барша қаражатты сол батыс өңіріне, солтүстік өңіріне осы су тасқынынан зардап шегіп жатқан барша жандарға өңірлерге арнайы аударамыз. Және де осы арқылы өзімізден көмегімізді бергіміз келеді бейжай еместігімізді көрсеткіміз келеді.
Азамат Сатыбалды бұдан бөлек әлі талай туындыны жаңа форматқа өткізбек. Шығыны көп болғанымен, тарих бағасын беріп қойған маржандарды сақтап қалу басты мақсатымыз деп отыр.