Айдана Шалқар, @aiudna
- Бүгін Асқар Ілиясов үшін айтулы күн! Себебі, дәл қазір актер төбе көрсеткен ресейлік фильмнің Қазақстандағы премьерасы болмақ. Сүйіктісін маңызды сәтте қолдау үшін Айя Шалқар да жабық көрсетілімге келді!
Соңғы уақытта Асқар Ілиясов пен Айя Шалқардың есімі қатар айтылатын болған. Оған себеп те бар. Еске салсақ, ғашықтар 29 қаңтарда Айяның birthday party-нде алғаш рет көзге түскен еді. Осы сәттен бастап: «Олар кездесе ме?», «Қандай жарасымды жұп» деген секілді сұрақтар қойлып жүрді. Дегенмен, өнер иелері бұған қатысты үн қатпады. Ілиясов сансыз сауалдан шаршаған болу керек, біз қойған сұраққа бірден жауап берді. Десе де, Асқар Айямен махаббат хикаясы жайлы ашылып сыр ақтарғысы келмеді.
- Соңғы уақытта бәріміз білеміз, Айя Шалқар сіздің фотоларыңызды, ортақ фотоларыңызды жүктеп жүр. Сіздерді жаңа жұп деп айта аламыз ба, айтыңызшы. Ресми мәлімдеме жасаңызшы.
- Иә, біз жұппыз иә.
- Ал қалай таныстыңыздар?
- Жоқ, оны айтпаймын.
Сүйіктісінің қолдауы актерға әсер етті ме, әйтеуір Асқар кеш бойы көтеріңкі көңіл күйде болды. Кинотеатрға кірмес бұрын, Айя екеуі қол ұстасып көптің көзіне түсті. Ғашықтардың кофе ішкенін де байқап қалдық. Картинаны да бірге отырып тамашалады.
Асқар Ілиясов, актер:
- Бұл – «Поехавшая» деген кино. Оның қазақша аудармасы қызық естіледі. Ессіз ба? Бұл романтикалық роуд муви деп айтуға болады. Өте еуропалық стильде түсірілген әдемі стиль бар, тамаша юмормен және сюжеті қызықты. Менің персонажымның аты - Әлішер. Ол Өзбекстанның өкілі. Курьер боп жұмыс істеген жігіт. Сосын осы әйелді кездестіріп өмірі өзгерді.
- Осы фильмде Аня деген өмірін өзгерткісі келетін қыздың оқиғасы көрсетіледі екен. Ал өзіңіз өміріңізді өзгерткіңіз келе ма?
Асқар Ілиясов, актер:
- Аняның жағдайы қиын болды. Мен өмірімді өзгерткім келеді деп айтсам, ол менің өмірімде барлығы дұрыс емес сияқты. Менің өмірім өз бабымен, қадам-қадаммен өзгеріп бара жатыр және өмірімді өзгерткім келмейді.
Ілиясовтың қазақстандық жанкүйерлері: «Соңғы уақытта Асқарды отандық фильмдерден көрмей кеттік»-деп уайымға салынып жүр. Актердың айтуынша, мұның айтарлықтай себептері бар екен.
- Сіз ресейлік фильмдерге жиі шақырту аласыз? Бұл нешінші шетелдік фильміңіз?
Асқар Ілиясов, актер:
- Қазіргі киноларым 30-дан асты. Оның 18 немесе 20-сы шетелдік. Көбінесе ресейлік. Мен Ресейде оқыдым, Ресейде киноға түсе бастадым. Сондықтан ресейліктер көп, қазақстандықтардан да көп проекттер.
- Соңғы уақытта сізді отандық, яғн и қазақстандық фильмдерден көрмей кеттік. Неліктен? Сіз қазір тек шетелдік киноларға түсесіз ба әлде қалай?
- Ұсыныс жоқ. Қазақстаннан ұсыныс келмейді.