Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Жансерік Қадырбаевтың тынысы тарылып жүр. Оттегі жетпейді. Блогерді мазалаған мәселе бар. Сондықтан балалар мен қарттар үйіне жиі барады. Көкейінде көп сауал...
– Жансерік, премьера құтты болсын! Қобалжу бар ма деп сұрау артық шығар иә?
Жансерік Қадырбаев, кинопродюсер, блогер:
– Әлбетте. Қобалжисың ғой енді. Барымызды салған жобам. Еще енді қазір елімізде қиын жағдайлар орын алып жатыр. Табиғи апат, су апатынан қаншама адамдар зардап шегіп жатыр. Осы жағдайға байланысты кішкене бір датасын ауыстырсақ деген ой болды. Дегенмен қаншама кинотеатрмен келісім болғаннан кейін ол нәрсе сәл мүмкін емес болды. Либо қазір, либо вообще кейін болып кетеді да. Мүмкін бір жылдан кейін, мүмкін екі жылдан кейін.
Картинаның креативті продюсері – Марғұлан Әден. Лентаны жарнамалау кезеңінде біршама қиындықтарға тап болғанын айтады.
– Бұл фильмге екі бірдей саундтрек шығарып, клип түсірдіңдер.
Марғұлан Әден, креативті директор, блогер:
– Бір обидно болып қалғаны Мирастың клипі негізі бізде ондай болмаған просмотр. Өте аз просмотр болып қалды. Өйткені соңғы жағдайларға байланысты: сот как всегда ютубты полностью жаулап алды және де болып жатқан соңғы жағдай Батыс жақтағы, Қостанайдағы
- Он облысты су басып жатыр.
- Иә. Соған байланысты өте қатты внимание бөлінбей қалды. А негізі ондай статистика болмаған Мирастың клипінде. Осындай провалдар болып қалды. Барлығы күшті болған жоқ.
– Бүгін қандай Олжасты көреміз?
Олжас Абай, актер:
– Өзінің өмірінде қанша қиыншылыққа толы болса да, қанша жамандық жасаса да бір жақсы амал жасап кететін, өмірдің мәнін түсінген өзегі мықты, мінезі мықты, мықты азаматты көресіздер.
– Сенің кейіпкеріңнен жақындары теріс айналып кетеді ғой. Сырт айналып кетеді иә? Сенің өміріңде ондай жағдай болды ма жақындарың көңіліңді қалдырған?
Олжас Абай, актер:
– Бұл енді әрбір өнер адамының, әрбір жетістікке жетем дейтін адамның, болмаса танымал адамның тағдырында болатын қасиеттер шығар енді. Бірақ біздің өмірімізде де болып жатты. Бірақ ешқашан кейімейміз. Өкінбейміз. Қандай жағдай болмасын жанымызға жақын адамдармен біргеміз қазір.
«Оттегі» фильмінің алғашқа саундтректерінің бірін Калифарния орындады. Әнші композицияның кішкентай бөлігін әлеужеліге жүктегені сол: Жансерік Қадырбаев пен Марғұлан Әден: дәл осы әнді киномызда көргіміз келеді,-деп хабарласқан.
– Сосын сенің мынандай жазбаңды оқып қалдым. Бұл «Қар» трегінен де қатты хит болатын әуен, композиция дедің.
Kalifarniya, әнші:
– Тәрбиелік мәні, мағынасы бар әуен болғаннан кейін кішкене көп тыңдалым болатын шығар деп. Қазір 2 миллиондай қаралым жинады. Бірақ біз 30 миллиондай жинайды деп ойладық.
- Аппетит жақсы иә бірақ?
- Үйреніп қалған да жаман ғой негізі.
Досының қуанышты күнін бірге бөлісу, қолдау білдіру үшін Әміре арнайы Астанадан келген. Әнші киноның концепциясынан бейхабар. «Жансерік жақын досым. Дегенмен: картина не туралы?,-деп сұрамады. Келіп көремін деген ниет болды»,-дейді.
– Сіз өнер жолындағы адамсыз, әншісіз. Ал Жансерік блогер. Танысқан кездеріңізді еске түсірейікші. Хронологияны артқа айналдырып.
Әміре, әнші:
– Жалпы екеуіміз бір қызға ғашық болып қалдық. Сөйтіп оны кейін білдік те, бір бірімізбен басында ұрысып қалғанбыз,-деп әңгіме айтып жатсаң. Әзіл, әзіл. 2021 жылы таныстық. Үлкен жобаларда. Мен Жансеріктің жобаларына қатыстым. Жансерік менің жобаларыма қатысты.
– Әміренің оттегісі кім?
– Әміренің оттегісі... Өзінің жақындары. Әзірге екінші оттегім жоқ.
СТЕНДАП: Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Қазіргі қоғамға мейірім мен махаббат қат. Бұл фильм осы тұжырымды сөзсіз түсіндіреді. Ал сіздің оттегіңіз кім?