Тәуекел Мүсілім: «Түркияға қоныс аударамын»

Сообщить о проблеме с эфиром

Еске салсақ, Тәуекел Мүсілім 1 жыл бұрын «Түркияға қоныс аударамын» деп, сүйінші жаңалығымен бөліскен болатын. Қоныс той жасайтын күн де алыс емес. Себебі, актер сәуір айының соңында түрік еліне аттанбақ.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Түркияға осы айдың соңында, сәуір айының соңында бара жатырмыз. Бұйырса пәтерімізді аламыз, одан бөлек енді сол отбасыммен демалып, одан кейін енді Қазақстанда ары әрекет жасаймыз бұйырса, сол Түркия елінде.

- Кедей болсаң, көшіп көр дейді ғой, заттарыңыздың бәрін жинау қиын болып жатыр ма?

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Жоқ , Аллаға шүкір, осы жерде үй бар, оның бәрін сол осы үйде қалдырамыз. Ал ол жақтағы үйге басқа жаңа дүниелер алып жайғастырамыз.

- Ал ол үйдің жұмыстары түгелімен бітті иә?

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Біз барып тек қана жиһаз аламыз. Жиһаз, техника сондай нәрселерін аламыз, қалғанының бәрі дайын тұр

- Жалпы осы Түркияға көшуге, үй салуға қанша қаражат кетті?

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Біз негізі 2-3 жыл бұрын алдық, пандемияға дейін. Ол кезде баға басқаша болды. Қазір баға мүлдем жоғарылап кетті. Біз ең бір арзан кезінде алдық, сол себептен қазір ол үйдің бағасы 200 мың евроға жетеді. Бір енді соның жартысына алдық қой.

Тәуекел түркі елінде бірнеше жылға тұрақтауды мақсат тұтқан болатын. Тіпті Түркиялық киногерлермен де арнайы келіссөздер де жүргізген еді. Дегенмен, республика заңына сәйкес өзге елден көшіп келген азаматтар тек 3 ай ғана тұрақтай алады екен.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Ол жерде біз, кішкене заң өзгеріп жатыр, негізі бұрын егер пәтерің болса, олар ПМЖ беретін, ал қазір кішкене заң өзгерді, қазір үйдің бағасы 200 мың евродан жоғары болса, сол жағдайда олар ПМЖ береді, біздің үй одан аспағаннан кейін сол себептен 90 күн боламыз заңды түрде, әрі қарай жалғастыруды сұраймыз. Рұқсат бермесе, әрине, қайтадан елге келеміз, мүмкін басқа елге барамыз.

- Ал түрікшеңіз қалай болып жатыр, үйрендіңіз ба?

- Cok guzel, жаймен-жаймен, әсте-әсте үйреніп жатырмыз.