– Алматыға көшіп келдің. Қалай? Біздің шаһар ұнап жатыр ма? енді сен көзіңді ашқалы Астаналықсың.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Алматы енді – творчествоның алаңы. Осы жақта жүргенімнің бәрі творчество. Сондықтанда өте ыңғайлы мен үшін. Негізі әншіге, актерға болсын Алматыда ыңғалы. Мен өзім Астанада көп тұрғаннан кейін ол жақта өзіңмен өзің жүресің. Сенің ортаң әртүрлі болуы мүмкін. Ол жақта кәсіпкерлер көбінесе. Астанадан кішкене шаршап кеттім жалғыз жүріп.
Алматыға келдім. Ортамды таптым,-деген әртістің жанкүйерлеріне айтар жаңалықтары жетерлік.
-ке қандай бомба әзірлеп жатырсың?
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Жақында жаңа әндер шығады. Бәрін дайындап қойдық. Жақында клип түсірдік. Жаңа әнімізге. Ол да дайын болып қалды.
– Әннің атын айта алатын шығармыз?
– Жолдама. Клип түсірілген әннің аты – «Жолдама».
2023 жылдың көктемінде жеке концертін берген Мирас, биылға да жоспарлар жетерлік деп отыр. Қазақстан бойынша тур ұйымдастырмақ. «Бұл коллаб кеш болады»,-дейді ол.
– Клиптен бөлек, концерт күтеміз ба?
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Алла қаласа, осы жылы иә. Концерттер болады.
- Көктем, жаз, күз?
- Қазір ойластырып жатырмыз. Тура нақты көктемге қарай деп. Тура уақытын айтамыз бұйыртса. Досым Тұрармен бірге. Совместный тур болады. Басқа қалаларға барып өзіміздің тыңдармандарымызды бірігіп жасап, бір концертпен, турмен қуантамыз деген үміттемін.
– Тұрармен коллаб кімнің ұсынысы? Әлде ортақ шешім бе?
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Ортақ шешім ғой. Біз әрдайым бірге жүреміз. Сол кезде шығып қалады осылай. Осылай істесек қалай болады деген сияқты.
- Концерттің аты «Ойладың ба?» емес па?
- Жоқ, ол жағын ойластырған жоқпыз әлі.
- Тұрармен тағы фиттар бола ма?
- Бұйыртса. Біз бірге жүреміз ғой енді. Бізде фит болмаса, білмеймін кімде фит болатынын.