«Bayguys»-тық Мағжан Түркияда фильмге түседі.

Сообщить о проблеме с эфиром

Веб-сериалдың қамымен жүрген Мағжанның асығы алшысынан түсіп, оған киногерлерден ерекше ұсыныс келген. Сәйкесінше, Нұрғали-тегіне Түркияда таспаланатын жаңа толықметрден басты рөл бұйырған.

Мағжан Нұрғали, «Bayguys» командасының мүшесі:

- «Выкуп» деген кино. Бұл жерде ақымақ деп айтқаным дұрыс болатын шығар. Ақымақ достың рөлін ойнаймын, бірақ адал. Сондай рөл. Бұйырса өте күшті кино болады.

Мағжан актерлық кастқа арнайы кастинг арқылы қосылған. Маганың фильмдегі гонорары 1,5 миллион теңгені құрайды.

Мағжан Нұрғали, «Bayguys» командасының мүшесі:

-Шынын айту керек ақша еңбектене берсең табылады ғой. Бірақ ол жерде ол кісілер жақтан айтылған ұсыныс болды. Менікі де айтылған. Бірдей ойланғанбыз ғой. Ортақ шешім. Өте тамаша болды. Маған бастысы осы фильмді абыроймен ойнап, көрерменге бір жақсы көңіл күй сыйлай алсам, маған сол жетеді.

Халықаралық жобада бақ сынайтын Мағжан қобалжып жүргенін де жасырмайды.

Мағжан Нұрғали, «Bayguys» командасының мүшесі:

- Қобалжып жүрмін сәл, уайымдап, осы енді ғой бүгін келдік қой Алматыға. Енді кішкене көңіл бөліп, ертеңнен бастап дайындықтары осы ай біткенге дейін где то бір 20 күндей сол жаққа барлық жағынан дайындықтан өтетін боп жатырмын. Сол кісілерге ұсынысым болды сондай. Кішкене дайындалайын, сіздермен жүрейін қарайын деп, өйткені оңай нәрсе емес. Өзіңнің де абыройың бар, сондықтан жақсы кино түсіреміз деп ойлаймын.