Қайрат Әділгерей неге кинопродюсерліктен түбегейлі бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шри-Ланка немесе Доминикана! «Хотя бы кинода» комедиясының үшінші бөлімі дәл осы мемлекеттердің бірінде таспалануы тиіс еді. Алайда киногерлер соңғы сәтте маршрутты өзгертіп, туындының финалын аспан асты елінен ұсынбақ.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Қытайда бұл жолы мен бұл жерде продюсер емеспін, тек актер ретінде қатысып жатырмыз. Қытайда түсірілмек, ертең 27-ші ақпаннан 16-шы наурызға дейін біз Пекин қаласынан 2,5 сағат ұшатын уақыт жерде Иу деген деген қалада түсірілімді бастаймыз. 20-сынан бастап команда толық кетеді. 1 апта дайындықтан кейін актерлар келіп бір керемет туынды жасаймыз.

- Неге Қытай?

- Өйткені Қытай қарым-қатынасымыз саяси жағынан да, эканомика жағынан да өте ашық. Соңғы жаңалықтарды естіп отырсаңыз 90 күн визасыз режим пайда болды. Сондықтан да бұрындары бару қиын болатын болса қазір бізге жол ашық.

Қытайда мүмкіншіліктер көп деген Қайрат Әділгерей, фильмнің сюжет желісін ашып айта қоймады. Десе де актер, картинада өзімен қатар қазақстандық ТОП актер бой көрсетеді деп отыр.

«Хотя бы кинода – 3. Финал» толықметрінің сценарийі алдыңғыларына ұқсамайды. Ол екінші бөлімнің жалғасы емес, лентаның приквелі болмақ.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Сіз тек актер болып ойнасаңыз, ол фильмнің продюсерлері кім болады?

Ол фильмнің продюсері Еркебұлан деген жігіт. Ол «Әкеге апарар жол» деген киноны түсірген. Сол кісіге осы «Хотя бы в кино – 3»-ті продюсерлік ету бұйырды.

Қайрат Әділгерей «Хотя би кинода - 2» және таяуда ғана жарық көрген «Сәлем Европа!» фильмдерінің продюсері қызметінде болды. Дегенмен, бұл саланың қиындығы көп деп отыр.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Әзірше демаламын. Өйткені бұл саланы бойымнан өткіздім көрдім, қиын. Біз актермыз, сезімталмыз бұл бізге болмайды. Маған мысалы болмайтын сияқты, қиын. Сосын мен одан да өзім жақсы көретін жұмысымды, актерлығымды жалғастыра берейін. Бәлкім болмаса бір күні болмаса комедия түсірмеймін бір драманы түсіретін ойымда бар.