Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:
– Сені көргеніме өте қуаныштымын. Қандай жаңалықтар болып жатыр? Өміріңде шығармашылығыңда?
– Жаңалықтар жалғасуда. Өте көп. Алдында халыққа уәде бергендей альбом шығарам, ой 30 минуттық болады деп ойлағанбыз ғой. Бірақ адамның дегені болмайды ботам-ай демекші, клипіміз 25 минуттық па, 22 минуттық па болып қалды. Арасында бір-екі кадрлар жетпей проблема ньюанстар болып қалды да.
Әділеттің көпті күттірген альбомы «Беу» деп аталады. Бірақ өзі уәде еткен 22-25 емес, жалпы ұзақтығы 18 минут. «Апорт, жасырын кездесу, оу қарағым, адамдар, сен болсаң қасымда» атты 5 тректен тұрады.
– Хронның аз болып қалуы кімнің кінәсі?
Әділет Жауғашар, әнші:
– Ешкімнің кінәсі жоқ. Ойлағанбыз. Ойдағыдай болмай қалды. Адамның дегені болмайды ботам-ай ғой.
– Жалпы қарасам, соңғы кезде сырт келбетің өзгеріп, керемет масса жинап, жігіт ағасына ұқсай бастапсың. Качаться етіп жүрсің ба дегенім ғой.
Әділет Жауғашар, әнші:
– Мен ата болдым десең иә. Ойнап айтам. Жоқ, кішкене өзгеріс енгізейінші деген едім.
- Залға барып жүрсің ба?
- Залға да барып жүрмін.
- Қанша уақыт болды?
- Қазір актовый залдамын.
Әділеттің жалғыз жаңалығы ән жинақ емес. Жақында үлкен концерттік бағдарламамен ел араламақ. Кештің концепциясы дайын.
Әділет Жауғашар, әнші:
– Осы алдағы айда, февральдің аяғынан бастап Төреғали Төреәлі ағамыз екеуімізбен концерт берейін деп кетіп бара жатырмыз. «Жұлдызы жанған адам» атты концертпен. Сол концертке дайындық үстіндемін.
– Әділет Жауғашармен жақында концертке аттанады екенсіздер.
Төреғали Төреғли, әнші:
– Концерт Алла қаласа ақпан айының соңында ғой деймін. Соңында басталады.
- Бірінші қай қаладан басталады?
- Шынымды айтсам білмейді екем. Бірақ әнсапар басталады. Қай қала болса да, қазақтың бір өлкесінен басталайын деп тұр ғой.
- Қашан жоспарлай бастадыңыздар?
- А оны білмедім. Оны әкемнен сұрау керек мүмкін. Өздері жоспарын құрып. Мен естідім болайын деп жатқанын.