2024 жыл Нұрдәулет үшін сәтті басталды. Себебі, блогер мұхит асып, Шри Ланкада достарымен демалып қайтты. Туристер ағылатын аймаққа жасаған сапарының құны да аз болмағаны анық. Оның бұл саяхатының демеушісі кім?
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Демалыс күшті өтті. Жастар ретінде демалып, қыдырып көңіл көтеріп қайттық. Ұнады.
- Қанша қаражатыңыз кетті осы поездкаға?
- Маған сыйлады Әлішер братишкам. Путевканы туған күніме сыйлады. Сондықтан барып қайттық.
Саяхатта жүрсе де Нұрдәулеттің ұялы телефонына тыныштық бермегендер бар. Дайректіне көз жүгіртсе, хэйт жазатын оқырманды да көретін болған. Олардың қатарынан «Сторис сала бермеші»-деп шағымданатындар да табылды.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Мен кез келген негативке күліп қараймын. Өйткені неге? Сала бермеш деп демалсай деп жатыр ғой маған. Ойлаңыздаршы 1 жылда 15-ақ күн демалатын шығармын. Қалған 50 күнінде тоқтамай 20 сторис салу былайынан қарасаң 10 кино, 20 кино түсіргенмен тең шын мәнісінде. Енді оңай емес қой, қайталайсың кейбір кезде. Сондай кезде оқырмандарым демалсай деп негатив болса да жақсы жағынан қабылдаймын ғой.
- Өзіңіз дайректті оқып тұрасыз ба әлде мүлде ашпайсыз ба?
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Жоқ, бос кезде түнде ашып қараймын. Қарап шығамын. Алаяқтар болады менің атымнан оларға ескертуге тырысамын. Барынша қарап отырамын. Енді барлығына жауап беруге физический қиын.
- Ал соның арасынан хэйттер көп кездесе ма?
- Әрине хэйт кездеседі. Өйткені менің оқырмандарым ауысып жатыр ғой. Менің бұрынғы тарихымды білмейді. Бұрынғы жүріп жүрген жолымды білмейді, блогерлік жолымды білмейді деген сияқты. Жазады енді. Бір ісіме бола жазатындар бар. Ал бұрыннан келе жатқан оқырмандар хэйт өте аз.
Блогердің фолловерлері арасында оның жеке өмірін қызықтайтындар да аз емес. Жігіттік жасқа жеткен серіден: «Жүрегіңінің жартысын жолықтырдың ба?», «Қашан отбасын құрасың?» - деп сұрайтындар саны күн сайын көбейіп келеді. Біз де бұл сауалға жауап алып көрдік.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Мен негізі жеке өмірімді инстаграмда барлығы 80-90 пайыз көрінеді. Ал жеке отбасылық махаббат жүректегі өмір айтылмайды. Барынша айтпауға тырысамын.
- Неліктен құпияда сақтайсыз?
- Бұл енді үлкен бақыт қой енді. Жауапкершілігі бар нәрсе. Сондықтан болатысы болғаннан кейін точно өзім сенімді болғаннан кейін айтқан дұрысырақ деп ойлаймын. Бір жағынан мақсатыңды айтып қойсаң орындалмай қалады дейді ғой. Айтам бұйырса егер. Оны жасырмаймын. Бірақ оның өзін шоу қып айту керек қой қызық қылып. Мен әншейін айта бермеймін. Әрдайым шулатып жүргеннен кейін.
- Өзіңіз болашақ адамымды осы уақытта кездестірдім-ау деген сияқты ішіңізде бір сезім болды ма? Адамдар сезеді дейді ғой сондай нәрсені.
- Әрине, болды ондай сезімдер. Болды болды қазір де бар десең иә.
- Көп нәрсе жасырып тұрған сияқтысыз ғой?
- Енді жасырып жатқан жоқпын ештеңе. Енді бар кезде өзім айтамын ғой. Оңай қып көрсетпеймін. Болмайтын машинамды күшті қып көрсетемін, қалай мен өзімнің ғашығымды простой қып көрсетемін.
Нұрдәулет – болашақ жарын алақанына салып аялайтын жігіттер қатарынынан табылуға тырысатынын айтады.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Барлық арманын орындауға тырысамын. Бірақ енді екеуміздің арманымыз мақсатымыз бір болған кезде ештеңе сұрамай-ақ орындалып жатқанын сезетін болады. Заттар болса енді ол қатты міндетті емес, шамаң жетсе әпересің, шамаң жетпесе күтеді.
Бүгінде блогерге үйленуден бұрын үй алу маңызды. Оның алдағы жоспарларының бірі – баспаналы болу.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Кеше жер сілкінісі болды. Бәрі үйін уайымдады. Мен машинамды шығардым да ұйықтадым. Үй алу әрине арманым, анамның арманы. Бірақ әзірге жасалатын жұмыстар көп. Сондықтан қаражат маған жұмысқа көбірек керек үйге қарағанда.
- Қай жерінен алғыңыз келеді Алматының?
- Кез келген жерінен. Таулы жерден алғым келеді. Көптеген ғой. Жер үй болса жақсы ғой.
- Ал несиеге алу деген ой бар ма?
- Жоқ, мен алам десем алам несиеге. Мен ойлаймын жақсы, дұрыс банк болса, несиеге алудың өзі дұрыс. Ақылды шешіммен жақсы нәрсе. А так несиге шақырмаймын ғой жаман ғой проценті жоқ деген сияқтылар бар ғой.
Осылайша блогер көптің көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауабын берді. Олай болса, Нұрдәулеттің сүйінші сұрайтын күні көп болсын деп тілейміз.