Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Әли Оқапов жаңа бейнебаянын таспалауға кірісті. Музыкант түсірілім жұмыстарына бір ай бойы дайындық жүргізді. Тіпті, Оқапов өзінің қымбат кроссоверін сатып жіберген. Процесстен бэкстейдж, әртіспен сұқбат және эксклюзивті кадрлар! Назарларыңызда!
Әли Оқапов жаңа бейнебаяны үшін Алматының қақ ортасында тұрған қымбат түңгі клубтардың бірін жалға алған. Туындыға тек кәсіби мамандарды жинаған музыкант, алдын-ала дайындық та жүргізген.
Әли Оқапов, әнші:
– Соңғы бір ай бойы стористарыңыздан бейнебаянға дайындықты көрдік, соған қарағанда туынды ауқымды сияқты?
- Арнайы бейнебаян үшін мен күніне 2 рет тренировкаға қатысқанмын, диете ұстағанмын, 1-2 келі тастадым, шашымды қиып тастадым кішкене жасарып дейтіндей, осы бейнебаян үшін мен Алматы қаласындағы ең мықты үздік бишілерді таңдап осындай құрама ретінде жинадым, яғни ол дайын балет емес ол. Жан-жақтан теріп-теріп іздеп келіскен жандар.
Клип - Әлидің репертуарындағы «Өзгеше» трегіне таспаланып жатыр. Музыкалық платформаларда үш апта бұрын жарық көрген ән, 5 жыл бойы жазылған. «Сол уақыт аралығында туындының өңделуі көңілімнен шықпады», - дейді Оқапов.
- Соңғы кездері өкінішке орай толық бейнебаяндарды түсіру әдеттен кетті, тек қана менде емес, жалпы эстрадамызда жалып көп әншілер оны доғарды. Неге екендігі енді бірнеше себеп бар, біріншіден біреулер айтады қазір бейнебаянды ешкім қарамайды, екіншіден бейнебаяндардың өзі шынымен де көп қаралым жинамайды. Яғни оның бір пайдасы аздау, болып кеткен сияқты дейді да біздің заманға қарағанда. Бірақ мен өз жолымнан таймаймын.
Әли Оқапов, әнші:
- Осы бейнебаян шыққанда бәлкім кішігірім түсініспеушіліктер де мүмкін көременнің алдында...
- Не үшін?
- Менің де жасым жиырмада емес, менде енді кішкене есейдім, онымен қатар сәл провокацияға жақындау немесе сәл бір тіпті жиеркенішті нәрселерга жақындау дүниелер шығарғым келді. Өйткені ол да өнер.
Музыкант: бейнебаянда алғаш рет қоғамда резонанс тудыратын тақырыптарды ашық көрсетемін,-деп отыр.
Әли Оқапов, әнші:
- Халық оны қалай қабылдайтынын білмеймін. Бірақ... мен не көрмедім мен не естімедім, не оқымадым, сондықтан иммунитет бір жағынан екінші жағынан айтып кеткенде менде бала емеспін. 05:58 Кішкене мистика бар, кішкене сол шытырман оқиғалар бар, сәл шок контент те болады! Сол 90-шы жылдар болған көптеген сол зомби, вампир сондай бір басқа әлемнен келген кейіпкерлер.
- Бұл бейнебаянға қымбат маркалы автокөлігіңізді сатып жіберді деп жатыр?
- Қымбат марка деп айта алмаймын енді орташа.
- Сіздер арзан машина айдамайсыздар ғой?
- Жоқ ол қатты қымбат та емес, негізінде білетін жандар біледі. Сол тойота камримен тең. Иә шыны керек, автокөлігімді осыдан 3-4 бұрын сатып жібердім. Толық сол автокөліктің қаржысына осындай үлкен бейнебаян түсіріп жатырмын деп айта алмаймын. Менің бір өмірлік прициптерімнің бірі мен қарыз алмаймын, қарызға бермеймін, кредитке жоламаймын.
- Сіз әр туындыға үлкен жауапкершілікпен келесіз, дайындаласыз. Бұл сіз үшін кәсібилік пен әлде прицип пе?
- Екеуі бірге. Қазір жаңа толқынның реті келді дәуірі жүр. Сондықтан олардың да креативті тұрғыдан да өмірге деген көзі ашық. Олармен де бәсекелес болуға мәжбүр болып жүрміз. Олармен бәсекелес болу ол да мотивация.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Әли - фирмач! Бейнебаянның түсірілімі барысында анық көзіміз жетті. Әр детальды назардан тыс қалдырмайды. Ал, нәтижесіне наурыз айының соңында куә боласыз!