Айдана Шалқар, @aiudna
- Ақболат Өтебай ажырасты! Бұның бәрі үй алу үшін. Ақболат аға, ұялмайды екенсіз!
Иә, бұл - «Ұялам, но үй алам» картинасының сюжеті. «Маған назар аудар» толықметрін таспалаған киногерлер араға 2 жыл салып, тағы да отбасылық мәселелерді арқау етіп, түйткілін шешуді мақсат тұтты. «Өткен фильмге қарағанда қазір тәжірибеміз артты» - дейді фильм продюсері Ақболат Өтебай.
Ақболат Өтебай, кинопродюсер:
- Кейбір ескертулер болды. Біз үлкен продюсерлердің бәрін шақырдық қой бірінші фильмде. Г. Мамасарипова сияқты осы бізге кеңесін аямайтын отыратын адамдарымыз бар осы тілекші өнерде. Өнерде бәрі бір-біріне жанашыр ғой. Сол кісілер айтып кетеді енді. Бәрі жақсы бірақ мына жерлерін келесіде жібермеңдер деп. Сол нәрселерді жібермеуге тырыстық.
Ақболат Өтебайдың жарын ойнау миссиясы әдеттегідей Мадина Оспанға бұйырған. Осыған дейін актриса күйеуінің ашса алақында, жұмса жұдырығында жүретін кейіпкерді көрсетсе, бұл жолы жұбайының бетінен алып, төсіне шабатын, дегенінен қайтпайтын қайсар отанасының бейнесін ашқан.
Мадина Оспан, актриса:
- Айжанның өзінің бір позициясы бар. Мнениясы бар, сондай бір Я-сы бар, қалыптасып қалған әйел. Осыған дейін кішкене мен момын, күйеуінің айтқанын тыңдап қалған келіншектердің рөлін сомдап жүрген болсам, бұл жерде енді Айжанның өзінің бір мінезі бар.
- Әдеттегідей Ақболат ағамен басты рөлдесіз. Үйдегі жездеміз «Неге Ақболатпен түсе бересің?» деп қалжыңдамай ма?
- Ол керісінше қуанады «О Ақболатпен түсетін болдың ба, жақсы болды» дейді.
- Осы жолы актерлық кастта Роза коуч та бар. Оның қазіргі таңдағы танымалдылығын пайдаланып, осындай рөл ұсындыңыздар ма әлде қалай?
Ақболат Өтебай, кинопродюсер:
- Ең алғашқы рөлі. Ол кісіге де оңай болған жоқ. Өзі уайымдады. Тырысты. Бірақ экранда қараған кезде ол кісіден артық ешкім ойнай алмайтындай болып шықты. Танымалдығын пайдалану деген жоқ, кім рөлге жақсы келіп тұр сол. Былтырғы кинода біз ондайды пайдаландық. Баян Мақсатовна деген сияқты. Өйткені біз бірінші кинода қатты қорықтық.
Бүгінде бойжеткендер мен келіншектердің сүйікті коучына айналған Роза Әшірбаева актриса ретінде дебют жасады. Кейіпкері – өз құқығын ешкімге таптатпайтын, әйелдердің намысы үшін жанын беретін қоғам белсендісі.
Роза Әшірбаева, коуч, актриса: