71-ші Канн кинофестивалінде Самал Еслямова «Үздік актриса» атанғаны естеріңізде ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қуандық Қыстықбай, кино және театр актеры:

- Халықаралық жоба болды. Режиссер мен оператордың жұмысын атап өтуге болады. Жұмыс жасау тәсілдері мүлде бөлек екен. Алдын-ала шақырып алып репетиция болды бізде 1-2 апта бұрын, түсірілімнен бұрын келіп. Енді детальдармен керемет жұмыс жасайды екен.

Лентаның режиссері Ованес Ованесян Ресейден шақыртылған маман. Ал басты кейіпкер актриса Толғанай Талғат. Еске салсақ, Толғанай бұған дейін Айсұлтан Сейітовтың «Қаш» фильмінде басты рөлді сомдады.

Толғанай Талғат, актриса:

- Өзім қазір Германияда режиссерға оқып жатырмын, сондықтан енді таңдауым мүлде басқа бола ма екен деп ойлап тұрмын. Жеңіл жанрдағы киноға түскім келмейді. Қанша көптеген комедия, веб-сериалдар келіп жатады, көп сценарийді оқимын ұнамайды.

«Мне тебя обещали» фильмі шынайы оқиғаға негізделген. Туындыда шетел азаматы мен қазақ қызының махаббат хикаясы баяндалады.

Толғанай Талғат, актриса:

- Менің өмірде бірінші рет ашық сахна болды. Ең бірінші істегенім ата-анама звондадым рұқсаттарын алдым. Екіншіден екі рет отмена жасадым бұл сахнаны. 2 съемочный кезде өйткені өте қатты қобалжыдым. Негізі адамдар ойлайды ғой, кинода актерлар бәрін шынымен жасайды деп, ол олай емес қой. Кино тілі бар, киіммен отырасың.

Ал, Толғанай Талғаттың түсірілім алаңындағы партнеры – Ресейде танымал литвалық актер Нериюс Манкус. Актер Толғанаймен коннект жасау үшін оны алдын-ала кездесуге де шақырған.

- Түсірілім басталмай тұрып, Толғанайды кешкі асқа шақырдым, бір-бірімізді жақын тануға тырыстық, арамыздағы коннетті жасадық, Содан кейін дос болып кеттік десем де болады.

Шетелден арнайы шақыртылған актерға түсірілім оңайға соқпапты. Әсіресе, Маңғыстаудың қолайсыз ауа-райы.

Нериюс Манкус, актер:

- Салқын ауа райы бізге бір адреналин бергендей болды. Маңғыстаудың желі өте суық екен, оған қоса команда кадрдан тыс жылы киіммен жүра алады, ал біз түсірілім алаңында жаз мезігілін көрсетуміз керек болды. Бірақ мамандар барынша жағдай жасауға тырысты.

Фильмнің продюсері – Гүлнәр Сәрсенбаева. 150-ге жуық маман жұмылдырылған лента «А» санатындағы кинофестивальдерге жіберілмек. Еске салсақ, Гүлнәр Сәрсенбаеваның басшылығымен таспаланған «Айка» фильмі 71-ші «Канн кинофестивальінде» «Үздік әйей рөлі» номинациясында жеңген болатын.

Гүлнәр Сәрсенова, продюсер:

- Қазіргі таңда бірнеше халықаралық жобаларға киномызды ұсынып қойдық. Мақсат – әрине Канн сынды жоғары деңгейдегі сайыс. Қанша дегемен біздің тәжірибеміз бар. Енді тек күту ғана қалды.

Олжас Тоғымбет, актер, каскадер:

- Шынымды айтайын, атмосфералық болып шықты. Кәдімгідей егерде бұны үлкен деңгейдегі Каннский фестивальдерге жіберетін болсақ, кәдімгідей орын алатын гран-при алатын кино.

Санұржан Сүлейменоов, актер:

- Сұрақтар көп. Айта кететін жәйт, Толғанай Талғат басты рөлді сомдаған актриса. Ол кісінің диапазонын білемін, сондықтан сол кісінің нақтылай кейіпкер ретінде ашылатынын күткем бірақ, өзім кәдімгідей анадай тамсандым деп айта алмаймын.

Чингиз Капин, актер:

- Эмоциямды ұстай алмай тұрмын, фильм барысында кейіпкерлердің мұңын бөлісіп отырдым десем де болады. Тіпті антогонист жігіттің де тағдырына да жаным ашыды. Әрбір көрермен әсер алатыны сөзсіз.