Балжан Бидан қазір Қытайдың, Хайнань қаласында тұрып жатыр. Шетелге шығармашылығын дамыту және рухани өсу үшін аттанған. Қала берді, қалың жұрттың, жеке өміріне қатысты жағымсыз әңгімелері де жанын жегідей жегінін жасырмайды.
– Әлеуметтік желіде шамыңызға тиетін хат жазған, комментарий жазғандар болды ма?
Балжан Бидаш, әнші:
– Ондай болады және бола береді. Сондықтан тек қана мән бермеген дұрыс.
- Ең бастапқыда айтылған хейт қандай болды? Кешьюға келдіңіз. Шығармашылық, жұлдыздық өмір басталды. Сол кезде?
- Кешьюдің жаңа құрамы: біз, Жұлдыз, Ақбота болған кезде: «Ой, мына құрам онша емес»,-деген сондай хейттар басталды.
«Кешьюдің» құрамында жүріп, хейттың дәмін бір адамдай-ақ татқандардың қатарында – Жұлдыз Өмірғали де бар. Өмірімнің белгілі бір кезеңі түсініксіз өткені айқын. Бірақ қазір жанкүйерлермен толықтай коннект орнаған,-дейді ол.
– Білесің, фанаттардың, жанкүйерлердің түр-түрі болады. Олардың естісі де, ессізі де бар. Фанаттарыңның тарапынан саған жасалған қандай да бір қызық та, қиын оқиға бар?
Жұлдыз Өмірғали, әнші:
– Фанаттарым менің жалпы басқа қаладан Алматыға келген кездерінде әрине мен үшін өте қуанышты жағдай. Себебі мен іздеп келеді. Арнайы танысу үшін, менімен көрісу үшін. Ол фан встреча болған кезде.
- Фанаттарыңның тарапынан алған ең қымбат сыйлық қандай болды?
- Көңілдері ғой.
Шашы мен ерек стилі, беташардағы басқаша бағыты үшін сыннан көз ашпайтын – Қабдол Тілеков. Қабдол: «Керек пікірді естимін. Ал бос сөзге уақытым жоқ»,-деп қысқа қайырды.
Қабдол Тілеков, әзілкеш:
– Көп қой негізі хейт дейтін. Енді бүкіл адамға ұнамайсың ғой. Мен ондай қатты мән бермеймін. Мән бермегенде, жүрегіме алып депрессовать етіп, екі күн үйде жоқ болып кетіп, асылатын арқан іздеп ондай жоқ. Как оно есть действительно біреуге ұнамайды. Біреулерге ұнайды. Оны солай қабылдау керек деп ойлаймын.