Еламан Есентаевтың даяшылармен басы піспей жүр

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл – кезекті картинаның синопсисі. Режиссерлар фильмге «Хам кафе» деген ерекше атау берген. Еламан Есентаев меймандармен үнемі текетіресіп қалатын дөрекі даяшының рөлінде.

Еламан Есентаев, актер:

- Біздің кафеміздің форматы басқа кафелерге қарағанда ерекше сценарий бойынша. Ерекшелігі біз дөрекі сөйлейміз клиенттермен. Меню алып берші десе, эй өзің алып ал деген сияқты әңгімелер ғой.

Еске салсақ, ең әуелі мұндай мейрамхана Автстралияда ашылған-ды. Қонақтарды мазақ етіп, кейде тіпті боқауыз сөзбен сыбап алатын мекемеге келушілер тым көп. Біздің киногерлер сол форматты сценарийге салған.

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын даяшының тағы бірі әрі Есентаевтың экрандағы серіктесі – Сымбат Қасымова. Еске салсақ, блогер небәрі 1 ай бұрын актриса ретінде дебют жасаған еді.

Сымбат Қасымова, блогер, актриса:

- Бұл жерде мен Аделя деген официант қыздың рөлін сомдайтын боламын. Менің алғашқы рөлім мен мына жердегі рөлім мүлде екі түрлі персонаж. Бірінші рөлімде кішкене робкий, жылауық қыздың рөлін ойнасам, бұл жерде өзіне сенімді, өзінің ценасын білетін қыздың рөлін ойнаймын. Сондай резкий переход болды. Қатты қиналып жатқан жоқпын десем болады, ұрысқақ рөлді ойнап жатырмын, ұрысуды мен білемін десең.

«Хам кафе» жұмыскерлеріне көңілі толмай, аламан айқай шығаратын дәулетті инвестордың рөлінде – Ержан Жаманқұлов. Өзінің байлығы мен билігін асыра пайдаланатын кейіпкер.

Ержан Жаманқұлов, актер:

- Бұл фильмде мен Қалдыбек деген персонаждың рөлін сомдаймын. Инвестор. Сол инвестордың туған күніне келіп, өзіме сыйлық жасап және де басқа қызықты әрекеттер жасаймын. Менің персонажымның аты есімі Ури болған, сондықтан мен айттым давайте басқаша қылайық деп, бетіме қалды салдыртып, сол атымды Қалдыбек қылайық деп Дарханмен кеңесіп сондай шешімге келдік.

Картинада басты рөлді сомдайтын актерлар шығармашылық мансабын бастамас бұрын даяшы, аниматор болып күн көргендерін жасырмады.

Еламан Есентаев, актер:

- Андай паркте суретке түседі ғой, аниматор. Күніне 1500 теңге береді, таңертең сағат таңғы 10-нан кешкі сағат 7-ге дейін ба, тұрасың. 1500 тг береді, ол таксиіңе кетеді, донеріңе кетеді. Үйге нан апарасың ол кезде еще. Еще левый жасайтынбыз, тығылып суретке түсіп, 100 теңгелерді салып ше.

Сымбат Қасымова, блогер, актриса:

- Мен официант болған кезде ондай грубить ету деген болған жоқ. Кішкене олай ұрыспаңдар, клиент всегда прав нәрсе болды. Мына жерде сол кезде ұрыса алмай қалған клиенттерім есіме түсіп, соларға сөйлеп жатқан сияқты ұрысып ашуымды алып жатырмын. Бір күнге азаннан кешке дейін, 1500 тг алатынбыз шаршап жүріп. Сол кезде бірақ сол көп ақша болып көрінетін.

Картинаға құмар ойынмен күрес жолдары да арқау болған. Дағдарыс пен бизнес-бәсекеге төтеп бере алмаған мейрамхана басшысы лудоманға айналады. Бұл тақырып актерлық кастқа таныс па? Өздерінен сұрап көрдік.

Еламан Есентаев, актер:

- Жоқ құмар ойындарға вообще жоқпын, соған өте қатты қуанамын. Мақтанамын. Қазіргі таңда өте көп құмар ойынға жатып алғандар. Олардың қатарынан емеспін.

Ержан Жаманқұлов, актер:

- Мен ол салада жұмыс істегенмін. Мен казинода қауіпсізідк қызметінің бастығы болып, кәдімгідей сондай лауазымды сондай қызметте болғанмын.

Бәсеке мен тәуекелге толы комедия немен аяқталмақ? Даяшылар әділдікке қол жеткізе ала ма? Жауабын үлкен экрандардан көретін боламыз.