Dake zzz Нұрлан Қоянбаевпен бірігіп, жаңа жобаның концепциясына кіріскен

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Жақында тикток желісінен байқадық. Нұрлан Қоянбаевтың командасындасың. Бір жоба бастап жатырсыңдар ма? Қалай?

Дәулет Исраил, блогер:

– Жоба десек те болады. Бағыт десек те болады. Жалпы Нұрлан ағаның идеялары күшті ғой. Креативный идеялары көп. Соның бірін қолға алып, бұйыртса бірнәрсе жасайын деп жатырмыз. Әзірше ештеңе айтпай-ақ қояйын. Бірақ осы 2024-те Құдай қаласа.

- Қай бағытта екенін де айта алмайсың?

- Жоқ. Ештеңе айта алмаймын.

– Командада кімдер бар? Соны айта алатын шығарсың? Аттарын?

Дәулет Исраил, блогер:

– Иә. Ол команда емес. Жалпы басымыз жиылып қалды. Жақсы адамдар, ойымыз бір жерден шыққан адамдар жиналып қалды. «Ринго» тобындағы Аян Бірбаев ағам бар, Нұржан Керменбаев ағамыз бар. Ғаділбек Жаңай, Дәулет Бижанов және де Нұрлан Қоянбаев ағамыз бар. Пока что процесстеміз.

– Сені қалай шақыртты? Әлде баяғы «Бизнес по казахский в Турциядан» кейін көзге түсіп қалдың ба?

Дәулет Исраил, блогер:

– Біз өмірде араласамыз. Кездесіп тұрамыз. Ойымыз бір жерден шықты. Ол шақырту емес, жалпы әңгімелесіп отырып, осылай-осылай жасайық деп шыққан дүние ғой.

– 2023 сен үшін жемісті болды деп айта аламыз. Себебі кино-сериалдардан өзіңді жиі байқадық. Биыл қандай жоспар? Ұсыныстар түсіп жатқан шығар толықметрлерден?

Дәулет Исраил, блогер:

– Толықметрден бір ұсыныс бар пока что. Келесі айға. Сериалдардан пока что ештеңе жоқ. Но 2024-ке жоспарлар бар. Өзімнің жеке жоспарларым бар. Енді осы күнге дейін басқаларға көмектесіп жүрдім ғой мен. Енді осы жылы өзіме, өз атыма жұмыс істегім келіп жатыр.

- Үйлену жағы қалай? Ол жеке жоспарда бар ма?

- Үйлену жағы вообще жоқ. Алланың қалауымен болатын нәрсе ғой. Қарап-қарап қоямыз ғой арасында. Есімізге түскен кезде, жалғыз қалып қалған кезде в основном.

– Блогер болып бастадың. Кейін Тұрар Ыдырыс, Жансерік Қадырбаев, Марғұлан Әден сынды жігіттердің ортасына келдің. Сені көпшілік Тұрар мен Жанстың досы деп танымай ма? Өзің олай ойламайсың ба?

Дәулет Исраил, блогер:

– Олай да тануы мүмкін. Тұрармен жүрген кезде гострольде, Тұрардың турларында жүрген кезде: Тұрардың сторисынан көрсетінбіз сені,-деп айтады. Өйткені Тұрардың аудиториясы концертке келеді. Типа солай таниды. Оған еш ұялмаймын да, қысылмаймын да. Достарыммен мақтанамын.