Шәріп Серіктің Анар Батырханға іштей ғашық екені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Жартыңыздан жалығып, басқа жақтан жаныңызға жалау іздейтін кездер бола ма? Ал кеше сіздер ғашық болған, кездесуге асық болған адамға қайта сезім ашылуы мүмкін бе?

Ерлі-зайыптылардың қарым қатынасында дағдарыс туып, қолдауды екеуі де виртуалды өмірдегі адамнан іздейді. Бұл «Екінші рет ессіз ғашық» толықметрінің концепциясы. Фильмде басты рөлдерде: Александр Соколовский, Ксения Теплова, Анар Батырхан ойнайды.

– Анараны бүгін түсірілім алаңынан таптық. Мұнда кімді ойнап жатырсың? «Любовь со второго взгляда» дейді.

Анар Батырхан, актриса, тележүргізуші:

– Сенің жүрмейтін жерің жоқ екен десейші. Бірінші содан бастасайшы. Бұл фильмде менің образым өте күшті. Құпияны ашуға бола ма білмеймін.

- Изюминкасын айта өтейік?

- Өмірімде ойнамаған образ. Басты рөлдердің бірі. Бұл фильм тек қана Қазақстанда емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де көрсетілетін болады бұл фильмді.

Оқиға желісі бойынша: бір бірінен шаршаған екеудің ойына идея келеді. Ері - Милош Биковичтің, келіншегі – Регина Тодоренконың фотосын қойып, фейк аккаунт ашып, адамдармен таныса бастайды.

– Виртуалды өмірде танысқан адамыңды ұнатып қалған кезің болды ма?

Анар Батырхан, актриса, тележүргізуші:

– Әрине болды. Әсіресе майл ру кезінде менің жігіттерімнің барлығы сол майл рудан болатын. Сосын ол виртуальный өмірде басқа қызбен танысқаны үшін мен оны қызғанып, қырылып. Виртуальный өмірде мен даже тұрысқа шығып кеткем. Бірақ та мен өмірде көрген жоқпын ол жігітті.

- Бірақ қазір интернетте таныспайтын шығарсың?

- Жоқ, таныспаймын. Бірақ өте көп жігіттер жазады.

Басты рөлдердің бірінде – Шәріп Серік. Бұл бұрынғы образдарыма ұқсамайды. Ерек эксперимент,-дейді актер.

– Бір көргеннен ғашық болу дегенді білеміз. Ал екінші рет көргеннен ғашық болу дегенге сенесіз ба?

Шәріп Серік, актер:

– Білмеймін оны сізден сұрау керек. Или сізге тағы келейін ба мына жерге интервьюге?

- Жоқ. Мен сізді бір көргеннен ғашық болып қалғам.

- Қойыңызшы.

- «Районыдан» кейін.

- Рақмет үлкен. Әлі де қуантам.

– Интернетте қыздармен танысасыз ба?

Шәріп Серік, актер:

– Жоқ. Мүлдем таныспаймын.

- Өздері жазса да ма?

- Мен тіпті ашпаймын. Прямо мүлде ашпаймын деп айта алмаймын. Ашам, көрем. Неше түрлі қыздар жазады. Кейбір адамдар актерлық шеберлігіме рақмет айтып жатса, соларға жауап берем. Сіздің де сообщениеңіз бар менде.

- Менде де бар ол.

- Иә, иә. Ашқан жоқпын пока.

- Мен 2016 жылы шынымен сізге жазғам.

- Да?

- Иә.

Лента режиссеры – Олжас Нұрбай. Кинода қоғамның ақсап тұрған тұсы айқын көрсетілген,-дейді ол. Олжас сұқбат басын аз-кем әзілден бастады.

«Любовь со второго взгляда» толықметрі бұл Ресеймен коллабарация иә? Концепция туралы толығырақ айтып берсеңіз?

Олжас Нұрбай, режиссер:

– Концепт туралы? Концепция туралы?

- Интервьюларыңның быт-шытын шығарайын ба?

Ері мен әйелінің арасындағы оқиға екі әлемде өрбиді яғни қиялдағы қала мен шынайы шаһар. Түсірілім жұмыстары да Алматы мен Мәскеу арасында өткен.

Олжас Нұрбай, режиссер:

– Иә, бұл Ресеймен коллабарация. Негізі өте қызық идея. Романтическая комедия. Біздің осыған дейін түсірген. Осыған түсіріп жүргендерімізге ұқсамайды. Нағыз отбасылық кино деуге болады. Ішінде социалды проблемалар да көтеріледі екі елге тән және отбасы ішіндегі мәселелер туралы көп айтылады.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме. Бүгінгі кейіпкерлер сезімдеріне екінші рет мүмкіндік беріп көргендер.