«Дәстүр» - трендсеттер! Бізге тың жанр, режиссерлар бұрын соңды беттемеген тақырып! Сондықтан болар, Қазақстандық киноөндірісте сең қозғады. Себебі, жәй ғана фильм аясы тарлық етіп, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан бүтін бір қозғалысқа ұласты. Дегенмен, Қуаныш Бейсек мұндай ауқым алып кетеді деп күтпегенін айтады.
Қуаныш Бейсек, режиссер:
- «Движения» деген жақсы сөз. Шынымен де бір қозғалыс ретінде де болып жатқан шығар. Хоррор жанрында шынымен де аз жақсы кинолар Қазақстанда түсірілді осы уақытқа дейін. Бірақ біз үшін бұл вызов болды ғой. Осылай жасап түсіру. Сол себепті, бір жақсы дүние жасай алдық деп ойлаймын.
«Дәстүр» жаңашылдық деуімізге тағы бір дәлел – қоғамдағы сан түрлі пікір. Мистикалық триллерді ұлықтап жатқандар да, эзотерика арқылы зорлықты ақтап алғысы келді деп айып таққандар да табылды. Тіпті, прокаттан алып тастау қажет деп бас көтергендер де болды. Қайткенмен де, «Дәстүр»-дің бокс-офиці рекродтарды жаңартып, қатар шыққан Қоянбаевты, тіпті әлем асыға күткен Джейсон Стетемнің «Пчеловодын» шаң қаптырды.
Қуаныш Бейсек, режиссер:
– Яғни бұл менің авторский бір көзқарасым, бірақ арт-хаусқа кетіп қалмаған, бүкіл халық түсіне алатын кино. Мысалыға, Тарантиноның киносы, Нолланның кинолары арт-мейнстрим. То есть өздерінің бір ойларын жеткізеді, одан бөлек халық көреді.
Алдияр Жапарханов, актер, сценарист:
- Мессежж бір салт-дәстүріміз өзіміздің өмірімізге сай келмейді және де әйел затына, әйел адамдарға деген көрсетілген зорлық-зомбылық деген месседж. Оның бәрі дұрыс емес екені.
Кассадан миллиардтардың келуі, тек құрылымы шиеленісті концепция, жаңа жанрдың еңбегі емес. Қуаныш Бейсек жарнамалық компанияға фильмнің өзімен деңгейлес ден қойды. Бұрын соңды, бұндай пиар қадам жасаған продюсер бізде болған емес.
Қуаныш Бейсек, режиссер:
- Негізі Ал-Наср, Назар маған өзі жазған түсірмес бұрын. Осыған клип түсірейік деп. Сүйтіп мен ол клип түсірейік давай деп алып, сол өлеңді тыңдап жүргенмін. Сосын киноның сценарийі келді. Екеуін бірге сосын қосып жібердім. Сондай бір сәті түсіп қалды.
«Дәстүр» хоррорына сын айтқандар қарасы көп болғанымен, актерлық касттың шеберлігіне мін таққандар аз. Әсіресе, кинодан кейін Ермек Шынболатовтан қорқып, оны жек көргендер бар.
Ермек Шынболатов, актер:
- Иә оқып жатырмын.
- Это Кука постарался.
- Басы бос қой бұның, енді тағы да 1-2 жыл басы бос болатын сияқты.
- Бір срочно добрый киноға түсу керек болып жатыр.
- Все бара беріңіз рақмет.
Ермек Шынболатов, актер:
- Өзім бауыр басып қалдым бұл персонажға, 3 ай бойы сол костюмді шешпей, киноны вроде съемка біткен сияқты, бірақ әл сол костюммен жүрмін. Менің ойымша ол кейіпкер кинода, жаңағы роликтердегіден қайда қаттырақ сияқты менің ойымша. *01:02 Өмірде мен қайталап айтамын, мен негізі ондайым жоқ, мен негізі жаман адам емеспін.
Қуаныш Бейсек кассадан түскен қаражатты мектеп ашуға және зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерге жәрдемдесуге жұмсаймын деп бекіп отыр.
Қуаныш Бейсек, режиссер:
- Общий қаражат құпия емес, 200 миллион кетті, маркетингпен бірге қосқанда. Сол себепті, ол көп ақша емес, бірақ аз да емес. Біздің мақсатымыз – бұл кинодан ақша тауып, тапқан ақшаны бір бөлігін сол қорларға, сондай кризисный центр дейміз сондай жерлерге ақшалай түрде қолдау көрсету.