Күллі Алматылық бомонд ерекше кеште бас қосып, құдды бір Италияда жүргендей сезімде болды! Шара «La Prima» сауда үйінде өткен болатын. Ал бұл пати «Trademark Italy» компаниясының әйгілі италиялық шарап зауытымен эксклюзив келісімшарт жасау құрметіне ұйымдастырылып отыр.
Массимо Берлони, шарап зауытының иесі:
- Мен алғаш рет Қазақстанға келіп тұрмын. Шынымды айтсам, бұл ел мені жақсы жағынан таңқалдырды. Осындай жағымды жаңалыққа орай осы жерде табылғаныма қуаныштымын.
Осылайша, айтулы кешке шарап зауытының иесі Массимо Берлонидің өзі арнайы келді. Сондай-ақ, Италия елшілігінің өкілдері, қаланың үздік рестораторлары мен фуд блогерлері де қадірлі қонақтар қатарынан табылды.
Массимо Берлони, шарап зауытының иесі:
- Бүгін 5 түрлі шараптың таныстырылы өтті. Осы іспен айналысу менің бала күнгі арманым болтын. Енді міне, арманымды орындап қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтудамын.
Италиялық мәдениет пен дәстүрді дәріптеген кеш ерекше атмосфераға толы болды. Әдемі әңгіме әсем әуен мен тәтті тағамдармен жалғасын тапты. Меймандарға бұл күні италиялық аспаз Рокко Пульезенің өзі ас әзірледі.