Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Бразилия – туристерге ең қауіпті аймақтар тізімінде көш бастайды. Біздің киногерлер қатерге бас тігіп, сол елде фильм таспалап келді. Сорақысы сол, түсірілім – бұзақылар мен қылмыскерлер көп
шоғырланған ауданда өткен. Нәтижені дәл қазір көреміз. Премьерадамыз!
«Арғымақ. Небесные кони» - Қазақстан, Оңтүстік Корея мен Ұлыбритания бірігіп таспалаған туынды. Экшн-драма футболға жаны құмар жетімдер үйінің балалары жайында. Олардың бапкері – Дулыға Ақмолда.
Дулыға Ақмолда, актер:
- Дулыға аға, премьера құтты болсын!Түсірілім жұмыстары ең қауіпті аймақтарда өтті, заттарыңыз түгел қайтты ма?
- Сондай қауіпті аудардарда түсірдік, енді шынымен де кәдімгі атыс болып жататын, шабыс болып жататын, әлі күнге дейін сондай екен. Бірақ бізге ешқандай қауіп төндірген жоқ.
Мырза Махамбет, актер:
– Бразилия басында бәрі қорқытатын, Фавелло телеграмм группа деген, қорқып бардық, оказывается бәрі нормально. Біз охраниктармен жүрдік, телеохранительдармен. Сондықтан бізге қатты сезілген жоқ.
- Прям охраниктер жүрді ма жандарыңда?
- Иә кәдімгі Бразилияның қап-қара, качок ағалары жүрді ғой, кинодағыдай.
Рүстем Жаныаманов, актер:
– Хотя бы чемоданды ұстап барайыншы десем, жоқ болмайды дейді, оның бәрі ақылы болады деген сияқты. Оның бәрі қалта қаражат деген сияқты. Содан кейін кішкене тиылуға тура келді.
Фильм желісі – футболды сүйетін Мұхтар есімді басты кейіпкер айналасында өрбиді. Өзбекстандық «Пахтахор» құрамында жүріп, 1979 жылғы ұшақ апаты кезінде ағасы қайтыс болып кетеді. Бұл соққы – Мұхтарды есеңгіретіп тастаған еді. Нәтижесінде, аяқ допты бір жола тастап, өзге мемлекетке қоныс аударады.
Дулыға Ақмолда, актер:
– Біріншіден маған сценарийі өте қатты ұнады, енді футбол туралы бізде, менің білуімше бірінші түсірілген фильм болу керек.
Мырза Махамбет, актер:
- Футболға деген қызығушылығыңды білеміз, жұлдыздар арасында футбол ойнап жүрсің, енді фильмде ойнап жүрсің?
- Кәсіби футболға бару ойда жоқ па?
– Жоқ ойда жоқ, өйткені деңгейім жетпейді, өзім білемін ол жақта не істеймін, мен лучше киноға түсіп жүре бермеймін ба.
Рүстем Жаныаманов, актер:
- Менің рөлім бұл жерде өте қызық, мен соған қатты риза болам неге десеңіздер, сол қара кейіпкер, бандит болып жүріп, антогонист сосын жаңағы ақырындап, жақсы жаққа қарай өтіп кетеді. Шіркін бандиттердің бәрі сондай добрый болса екен деймін.
– Режиссер Корей елінің маманы, коннект қалай болды?
– Өте әдемі болды, енді ол кісі орыс тілінде жұмыс істеді бізбен, біз енді Құдайға шүкір орысша түсінеміз. Сөйлей аламыз.
Руслан Пак, режиссер:
- Бұл фильмі жүзеге асуы үшін өміріңіздің 3 жылын арнадыңыз, мақсат жүзеге асты ма?
– Лондондық композитордан бөлек, бізде Оңтүстік Кореяның мамандары жұмыс істеді. . Біз әр елдің киногерлерін жинауға тырыстық. Эксперимент жасап көргіміз келді.
Әйбек Әзімбек, актер:
– Спорт жанрындағы біздің Қазақстандағы тұңғыш бір проектердің біреуі шығар иә. Кішкене бір фантастикалық нелері бар, өзінің фишкалары бар екен.
Аңсат Ділбадай, музыкант:
- Қазір сразу шығып футболға кетеміз деген ой кетіп жатыр уже.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
– «Арғымақ. Небесные кони» - үш жылға созылған жоба. Бұл - пре продакшн, түсірілім мен пост продакшн жүрген уақыт. Өндірісіне екі ай ғана жұмсалған толықметрлермен қатар прокатқа шықты. Бәсекелестікке төтеп бере ала ма? Экран көрсетеді.