Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Kazakhstan Fashion Week-тің 33-ші маусымы ресми түрде ашық! Бүгін жиырмадан аса дизайнердің авторлық топтамалары таныстырылады. Көрсетілімге арқау болған тақырып – саналы тұтыну.
Көрсетілімде: Fashion studio 4353 by Di Siitova, Yang Lain by Adilya Botabayeva, AlexeyChzhen-дердің топтамалары көрермен назарына ұсынылды.
Соңғы кездері Жұлдыз Әбдікәрімованы подиумдардан жиі көреміз. Себебі актрисаны көрсетілімге шақыратын дизайнерлер жетерлік. Бұл жолы Жұлдыз «Аруназ» брендтін таныстырды.
– Шоу-бизнестегі сәнқой сұлулардың бірі өзіңізсіз. Өз топтамаңызды ұсыну, шығару ойда, жоспарда жүрген шығар?
Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:
– Оған сапалы, саналы келу керек. Оған да білім керек. Оған да сауат керек. Мен сондайды қалаймын, деген нәрсе бар болса да, оған сапалы түрде келу керек. Егерде әрине білімің болып жатса, ішкі ниетің түзу болып жатса, онда неге жасамасқа? Өзім жақсы көремін, бірін бірін үйлестіріп киінгенді.
Анель Кенжебековның – Kazakhstan Fashion Week подиумына алғаш шығуы. Үстіндегі от қызыл көйлекті оған сәнгер Назым Қарпықова бір күнде, арнайы тігіп берген.
– Біз камерадан әдейі алыс тұрып алдық. Себебі мен Анельден сабақ өтуін сұрап тұрмын. Қандай сабақ дейсіздер ғой?
– Дефиле болады қазір.
– Бірінші неден бастаймыз? Мен плюс сайз модельмін. Күлмеңдер.
Анель Кенжебекова, блогер:
– Басымызды көтереміз. Осанканы жоғары ұстаймыз. Аяқты түзу ұстаймыз. Оң аяқтан бастаймыз. Жүрген кезде басымызды ешқайда бұрмаймыз. Тек қала алға қараймыз. Күлмейміз, күлуге болмайды. Өйткені күлсең, потеря екеніңді білдіріп қоясың. Бір, екі, үш.
– Айына шопингқа қанша мың немесе миллион жұмсайсың? Есептейсің ба?
Damelya, блогер:
– Жоқ. Айтпай-ақ қояйыншы. Пожалуйста, сұрамашы.
- Шамамен білмейсің ба?
- Жоқ, шамамен білмеймін. Бірдеңе керек болса, алам. Керек болмаса, алмаймын.
- Ал кимейтін киімдеріңді қайда жібересің?
- Мен сатам. Сол сатқан ақшаны Асар умеге жіберем. Көрермендерім біледі, менде получается гараж сэй болады. Где то айына бір рет. Сол ақшаның елу пайызын мен Асар умеге жіберем.
– Ал киілмейтін, енді кимейтін киімдеріңізді қайда жібересіз?
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
– Ой, менің қыздарым көп. Менің мысалы стажерларым бар. Маған жұмыс істейтін адамдар бар. Менде 50 шақты адам жұмыс істейді. Мен чемоданға салып қоямын да, сосын жіберем. Айтам: «Қыздар алыңдар»,-деп. Сосын жұмысқа келгенде я говорю, а че сен менің көйлегімді киіп алыпсың. Еще ойлап қоямын, зачем я отдала.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Kazakhstan Fashion Week-тің 33-ші маусымы мәресіне жетті! Сәнқой сұлулар мен шоу-бизнес сылқымдарының «Саналы тұтынуды» қаншалықты ұстанатындарын білдік. Келер жылы кездескенше!