Айдана Шалқар, @aiudna
-Шәріп Серік әлдекімдермен көшеде төбелесіп жүр. «Қарындасыма көз салған жігіттердің сазайын беремін» - дейді актер. Иә, біз бүгін дәл осы оқиға желісімен таспаланған «Пацанский кипиш» картинасының премьерасындамыз!
Шәріп Серік, актер:
- Фильмде негізі жігіттер арасындағы система көрсетіледі. Ал өзіңіздің өміріңізде сондай жайттар болып па еді?
- Конечно болды. Системаның көкесін көрдік қой біз бұрын. Мектепте, университетте, дворда тек сол системамен жүрдік, әлі де сол системамен жүрміз. Бітпейтін система, қашан бітеді сол система?
- Атаман болдыңыз ба?
- Атаман болған жоқпын, бірақ енді андай бір мен дейтіндей жігіттердің арасында болдым, лох болған жоқпын әйтеуір.
- Боқтық сөздер көп па?
Шәріп Серік, актер:
- Жоқ, бұл жолы ешқандай боқауыз сөздер болмайды, бұл біздің басты критерийіміз сондай болды. Шынымды айтайын қиын болды. Арасында ымм деп кететін моменттер болды.
- Постерге щеголдарға кіруге болмайды деп жазып қойыпсыздар. Шеголдарға өтпейтін тақырып қозғала ма?
- Білмеймін, сіз өзіңіз қалай кірдіңіз мына жерге ойбаай.
Шәріп Серіктің қарындасын – Алмагүл Сағындық сомдайды. Қатал аға қызды қызғыштай қорып, қасына жолай кеткенді қырып салады. Сұлуды сырттай сүйіп, сезімін жеткізгісі келгендердің күні қараң. Тордағы тағдырдан Алмагүл әбден шаршаған.
Алмагүл Сағындық, актриса:
- Негізі бұл фильмде мен Әсел басында, персонажымның аты – Әсел. Басында мүлде басқаша болады, кульминация соңында мүлде басқа персонаж боп шығады.
-Фильмде өзіңіздің қарындасыңызға ешқандай жігітті жолатпайсыз. Ал өмірде қандайсыз? Қызғаншақ ағасыз ба?
Шәріп Серік, актер:
- Өмірде одан да хуже шығармын мен бар ғой. Мен жай ғана қызғаншақ емеспін, мен собственникпін.
- Абьюзерсіз ба?
- Оны қазір абьюзер дейді. Жоқ енді ревнивыймын. Мен үйдегі жиендерімді қатты қызғанамын. Контролировать етемін.
Актрисаның экрандағы сүйіктісін дебютант актер – Әли Жарасұлы сомдайды. Кинонарыққа енді қадам басқанына қарамастан, шығармашылық топпен тіл табысу қиын болмаған. Әсіресе, Алмагүлмен коннекті ерекше.
Әли Жарасұлы, актер:
- Мен ең бірінші рет пробаға келген кезде Алматыда, сол кезден бастап танысып, сөйлесе бастадық.
- Алмагүл сияқты қыздар сенің типажың ба?
- Сүйкімді қыз, әдемі қыз, қылықты қыз.
«Пацанский кипиш» бас кейіпкердің жалған bday party-нан басталады. Тусовка қызған шақта, тәртіп сақшылары жалдамалы үйді барлауға келеді. Полицейдің рөлінде – Бексұлтан Піләл.
Бексұлтан Піләл, актер:
- Полиция қызметкері. Мына кипишті басуға келеді. Ну көп емес, 2-3 рет шығам, соның өзіне шүкір.
- Ал осы фильмде қанша гонорар ұсынылды?
- Ол уже интимный вопрос деп андай
- Көтеріліп кеттім десеңізші
- Иә көтеріліп кеттім, ол үшін хабарласыңдар айтамын.
- Моргенштерннің клипіне түскеннен кейін гонорарыңыз өскен шығар?
- Моргенштерннің клипі көтерген жоқ деңгейімді, мүмкін наоборот мен оны мен оның деңгейін көтерген шығармын.
Мұндай party ауыл бұзақыларысыз өтпейтіні рас. Кеш басатала олар да жедел жетеді. Мақсаты – шеттен келген жігіттермен жекпе-жекке шығу.
Мақсат Мамраимов, актер:
- Менің кейіпкерімнің аты – Шал. Шал – райондағы старшак қой короче. Райондағы старшак, Қапшағай қаласының смотрящийларының біреуі ғой.
- Бұл фильмде қозғалған тақырыптар, жігіттердің әңгімесі ұнады ма сізге?
Ақболат Өтебай, актер, кинопродюсер:
- 11 бітіріп, енді-енді студент боп жатқан адамдардың оқиғасы ғой. Өте әдемі алып шықты деп ойлаймын. Есіме түсті көп нәрсе, баяғы кез, мектеп бітірген кез деген сияқты, класстастарымды сағынып кеттім.
Әсел Сағатова, актриса:
- Очень смешной, очень много юмора, классных шуток. Так что всем рекомендую.
Жанель Серғазина, актриса:
- Фильм өте қатты ұнады. Сюжетімен, актерлық шеберлігімен, режиссура, бүкіл барлық жағынан өте қатты ұнайды. 10-нан 10 беремін.
Айдана Шалқар, @aiudna
- 2009 жылға саяхат жасайтын фильм көптің көңілінен орын ала ма? Нағыз жігіттерский әңгіме, жігіттерский кипиш көрсетілетін картина халықаралық прокатқа да шығатын болады.