Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Қалада-да-да келемін жаяу тағы да,
Жүрек дүрс, дүрс, дүрс, дүрсілдеп қағуда.
Серік Ибрагимовтың сахнада жүргеніне 10 жыл!
Серіктің бағын жаққан әнді Жеңіс Ысқақова кавер нұсқада орындады. Ал кеш шымылдығын Алатау серілері ашты. Жиылған жұртты бір арқаландырып алды.
Ары қарай Еркеш Хасенмен дуэт болды. «Аға» әні сахнада алғаш орындалды. Туынды соңында Серік көзіне жас алды.
«Аға» әні ойда жоқта шыққан еді,-дейді Еркеш.
Еркеш Хасен, әнші:
– Бұл негізі аяқасты шыққан ән. Кездесіп, Рамазан үшеуіміз отыр едік. Бір әуен болған соны көрсеткем. Рамазан: Ей, мынау күшті ғой,-деп. Аяқасты диктафонда тұрған әуенім әнге айналып кетті.
Серік Ибрагимов пен Қанай осыдан 4 жыл бұрын «Сыр елім» клипінің түсірілім алаңында танысқан. Нұрболат бейнебаянға режиссерлық етіпті. Бүгінде әзіліміз жарасқан аға-бауырмыз,-деді әнші.
– Серікпен болған қызық оқиғаңды айтып берші.
Qanay, әнші:
– Сық-сық спать деп мен әзілдегем. Содан өліп таяқ жегем. Содан кейін әзілдемейтін болдым.
- Шынымен ұрды ма?
- Шынымен ұрды. Бүйрегімнен зырқ етті. Менімен өйтіп ойнама деді.
- Ол кісінің жұдырығы ауыр ғой?
- Өте ауыр.
Серікке сценарий жағынан көмектесіп, сахна сыртында жүрген Нұрболхан Шараповтың шығуы жұртты таңғалдырғаны анық. Тосынсыйым бар,-дейді.
– Нұрболхан Шараповтың бүгінгі концерттегі қызметі қандай?
Нұрболхан Шарапов, актер, әзілкеш:
– Ән айтам. Дуэт емес, жеке. Серіктің бір әнін алып айтамын. Оны қазір концертте көресіздер. Құпия болып қалсын. Хит болған әні. Соны басқа кавер жасап айтайық деп жатырмыз.
Ибрагимов продюсерлік етіп жүрген Бигшерды сарайдың сыртынан арнайы шақырылған қонақтарға билет таратып тұрған жерінен таптық.
Серік Ибрагимовпен сахнада өлең айтып жүрген жігіт негізі. Дворец республикидың алды. Телефонмен сөйлесіп тұр. Біз күте тұрайық.
– Сен қазір сахнаға шығасың ғой. Білесің ба?
Әлішер Бурханов, рэпер, әнші:
– Иә. Қонақтардың несін таратып бітіп алайын деп жатырмын да. Қонақтарымыз келіп жатыр: Атырау, Ақтау, Шымкент.
Бұл кеш кезіндегі қызықтар. Көрермен сахна сыртындағы қарбаластан хабарсыз. Серікке қарап, ештеңе болжай алмайсың. Ал анығында, Ибрагимов тіпті барберіне барып үлгермеген. Студиядан шықпадым, - дейді өзі.
– 10 жыл сахнада жүріп, трендте болу оңай емес. Бұл – қажырлы еңбек. Серік Ибрагимовтың феномені неде?
Серік Ибрагимов, әнші:
– 3,5 процент қана талант болады дейді. 95 пайыз еңбектің арқасында болады дейді да бәрі. Мына 10 жылдыққа қатты дайындалғаным сонша, басқа прическа істеп жатырмын. Бұндай прическа өмірі істеп көрмегем ғой. Шашымды полный артқа қайыратын қылып.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– 2 сағат, жанды дауыста ән шырқау және жұрт жақсы көретін жұлдыздарды қонаққа шақыру. Серіктің ел алдындағы есеп беру кеші абыроймен өтті.