Say Mo АҚШ-та жеке концертін бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Say Mo АҚШ-қа атанбақ! Рэпердің мақсаты шетелдік фанаттарына концерт беру! Қараша айында әнші Чикаго, Майами, Нью-Йорк сынды алып шаһарларда соло кешін өткізеді. Ал, бүгін Мөлдір кезекті бейнебаян таспалап жатыр. Түсірлім алаңынан бэкстейдж ұсынамыз!

Say Mo-ның әр сахнаға шығуы – шоу. Бірақ, АҚШ-қа командасымен баруға мүмкіндік жоқ дейді ол. Себебі өнерпаз шетелге арнайы шақыртумен бара жатыр. Ал, қосымша маман, ол – артық шығын дейді рэпер.

Say Mo, рэпер:

- Бұйырса осы, қарашада АҚШ-қа турмен баратын боламын, 15,16 және 17 қараша үш қаланы таңдадық, негізі организатор бізге хабарласты. Ол организаторлар бұрын «Ирина Кайратовна» және де RaiM сынды әртістерді шақырған болатын. Осы кейске қарай отырып, біз бірден келістік.

АҚШ-қа аттанатынын фанаттарына хабарлаған Моля, бірден хейттің астында қалдым деп отыр. Фолловерлердің жартысы рэперге қолдау білдірсе, қалған бөлігі сенімсіздік танытқан.

Say Mo, рэпер:

- Көбісі жазып жатады, ой сені кім тыңдайды, сен кімге керексің мысалы, осындай коментарийлар негізінде өте жақсы мотивация береді. Тырысып жұмыс жасайсың, ал мен сендерге көрсетемін дегендей. Ондайды да жазып қойыңыздар.

Дегенмен хейт Мөлдірдің сағын сындырмайды. Әнші іс-сапар алдында тыңдарманға жаңа туындысын ұсынбақ. Ол рэпер Мореартпен бірге «Галардо» атты фит.

Say Mo, рэпер:

- Кукамен Мореартпен коллаб бұрыннан жасағымыз келген, бірақ та осы жолы ол альбом шығаратын болып, альбомына өлеңдер жинап жатқан кезде осындай өлең бар деп маған бір шумақпен жіберген болатын. Маған өте қатты ұнады.

Moreart, музыкант:

- Дәл қазір менің жанымда «Moreart» лақап атымен танымал, рэпер, музыкант Қуат Құралбаев!

- Бір қызығы сіз Моляның көптеген әндерінің авторы екенсіз?

– Толыққанды авторымын деп айта алмаймын, екеуіміз бірігіп жазғанбыз. Мен біраз жыл бойы оның саундпродюсері болғанмын.

- Дуэтке ұсынысты кім тастады?

– Бұл идея бізе Акханың тойында келді. Дастархан басында отырып, шешім қабылдай салдық. Мен альбом жазып жатырмын деп едім, Мо мені қолдағысы келді.

Еске салсақ, дәл осы «Я буду играть» трегімен Мореарт 2021 жылы күллі ТМД-ға танылған еді. Музыкант қыруар қарыздарынан құтылған.

Moreart, музыкант:

-Тиктоктан кредитіңізді жапқаныңыз рас па?

– Иә, мен өзімдікін ғана емес, отбасымының несиелерін жауып тастадым. «Я буду играть» трегі Тиктокта ректен түспеді, содан қыруар қаржы таптым. Әрине, Қазақстанның музыка тарихында бір трек арқылы мұндай сомманы ешкім әлі тауып көрген жоқ. Ол 100 пайыз.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Say Mo мен Moreart-тің дуэті сәтті шыға ма, жаңа композиция хитке айнала ала ма? Тыңдарман оған қараша айында баға бере алатын болады.