Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бүгін REVUE NEWS-те эксклюзив! Дәл қазір Рух файтинг ұйымдастырып жатқан блогерлер мен интернет кеңістігінде танымал адамдар арасындағы спорттық шоудамыз. Бүгін Ақтілек Жолшыбеков пен Бексұлтан Піләл арасындағы аралас жекпе-жекке куә боламыз!
Бексұлтан Піләл мен Ақтілек Жолшыбековтың жекпе-жегін жұрт асыға күткені анық. Екі файтердың мансабында жеңістерінен бөлек, бір-бір жеңілістен бар. Дайындықтары тыңғылықты. Октагонға бірер сәттен соң шығатын Апачиден, қобалжудың табы да байқалмайды.
– Бексұлтан...
Бексұлтан Піләл, блогер, актер:
– Ассалаумағалейкум! Қалайсыңдар? Нормально ма? Дұрыс па бәрі?
- Бексұлтанға қарасам, мүлде қобалжып тұрған жоқ сияқтысың?
Ақтілек те айқас алды сенімді жүрді. Бірақ бауыры Дархан Жолшыбеков дайындықтың аз болып қалғанын жасырмады. Себебін өзінен сұрадық:
– Жаттығуды жіберіп алып жүр. Бір барып, бір бармай жүр деген сияқты әңгіме болып жатыр. Неге олай?
Ақтілек Жолшыбеков, блогер:
– Енді өзіне сенімсіз адам, мына жаққа шығады деп айта алмаймын. Сенімдіміз. Адреналин ойнап тұр. Бір ешқандай қобалжу қатты бар деп, айта алмаймын.
Ақтілекке болысып келген бірінші адам – Дархан Жолшыбеков. Дархан бауыры үшін барынша алаңдайтынын айтып, ең алғашқы жекпе-жегін есіне түсірді.
– Біз негізі осының алдындағы бойларында Ақтілектің видеоларды көргенбіз, сеткадан қарап, жүрегің езіліп.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
– А, иә. Хит болды ғой.
- Қарасаң тіпті жылағың келеді.
- Ол бірінші бой ма еді, мен ұмытып қалдым. Е мое, қатты анандай жылағым кеп уайымдаған... Ол өйткені қатты шаршап қалды ғой. Ондай нагрузкаға ол кезде дайын болмады. Ол кезде бокстың не екенін білмейді.
Рамазан Рамбердиев – RFС Fighting-тің негізін қалаушы әрі продюсері. Жұрт: неге жекпе жек видеоларының арасы тым ұзақ,-деп жиі сұрайды. Ол сауалды біз де Рамазанға тікелей қойып көрдік:
Рамазан Рамбердиев, RFС Fighting негізін қалаушы:
– Бізде бір түсірілім болады үлкен. Бір аптадай түсірілім жасаймыз. Одан кейін апта сайын жаңа шығарылым біздің ютуб каналымызда шығып тұрады. Неге олай ұзақ десеңіз, өзіңіз көріп отырсыз мына жерде қаншама лэдтар тұр. Свет. Мұның барлығы өте қымбат. Егер бізде көбірек, жиі түсіруге болатын мүмкіндік болғанда әр шығарылымды аптасына екі рет шығарып тұратын едік.
Айқас 3 раундқа созылды. Екі файтер де өліспей, беріспейтіндерін байқатты. Бірақ RFС Fighting-тің тұңғыш медиа-чемпиондығы – Бексұлтан Піләлға бұйырды.
– Жеңісіңді кімге арнайсың?
Бексұлтан Піләл, блогер, актер:
– Ең бірінші анама арнаймын. Отбасыма, достарыма, бәріне арнаймын короче. Мынау сендердікі алыңдар.
– Әрмен қарай бұл титулды қорғайсың ба?
Бексұлтан Піләл, блогер, актер:
– Ары қарай қазір демалам. Жұмыстар бар, съемкалар бар. Соларды бітірем. Одан кейін тамақ ішем деп үйдегі пландарды айтып жатсаң... Бұйырса қорғау керек болса, қорғаймыз. Дальше қой десе, қоямыз ғой.
- Кім қой дейді?
– Тренерім қой десе. Алдыға қарай жүгірмей-ақ қояйық. Бұйырғаны болады.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Міне осымен Бексұлтан мен Ақтілек арасындағы жекпе-жек өз мәресіне жетті. Айқас екі файтерге де оңай болмағаны анық. Ал Бексұлтан Піләлді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!