Айқын Төлепберген кімдерге өкпелі

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын Төлепберген Қазақстан қалаларын аралап, турне бастады. Бір қызығы әнші, ірі қалаларды емес, өзге әртістері сирек табан тірейтін елді-мекендерді таңдайды екен. Себеп: қазақылықты дәріптеу, мемлекеттік тілді көтеру.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Мен көбіне баратын қалалар Солтүстік қалалар, ешкім бара бермейтін қалалар. Мысалы Петропавлға ешкім бармайды концертпен. Қызылжарға. Көкшетауға аз барады. Павлодар сияқты, Қостанай сияқты қалаларға барам көбіне.

Айқын қазіргі таңда инстасында ГИВ жүргізіп жатыр. Бас жүлде – порше көлігі. Алғашқыда автосын саудаға салғысы келген, кейін ойнатамын деп шешкен.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Қазір әншілердің бәрі блогер болып кетті. Блогердің бәрі әнші болып кетті. Инстаграм парақшасын қолға алып жатырмын. СММ-щик алдым, мобилограф алдым. Статистика да өсіп жатыр.

Айқын 400 шаршы метрлік зәулім үйін осыдан 1,5 жыл бұрын бастаған. Бүгінде жиһаздары қойылған. Тек перделері мен кілемдері қалыпты. Төлепберген-тегі шаңырағының құрылысына неше миллион кеткенін есептемеген.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Өйтіп санайтын болсаң, жүрегің ауырып тоқтап қаласың ғой. Ондайға нем жоқ. Мен ақшамен өте оңай айырылысам. Ақшадан қалай оңай айырылыссаң, солай оңай келеді.

– Айқын қызғанбады ма? Үйренді ма ол?

Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:

– Үйренгенде... Қаны үйренген жоқ әлі. Қызғаныш сезімі болады әрине ер адам болғаннан кейін. Отбасы болғаннан кейін.

Айқын Жұлдызды қызғанатынын жасырмайды. Себеп:

Айқын Төлепберген, әнші:

– Әрине, қызғанам. Ондай әдемі әйел кімде бар? Жұлдыз менің ойымша ең әдемі қазақтың қызы.

Қала берді әнші, келіншегі түсетін кинолардың сценарийін жіті қадағалайды.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Әрине, тексерем. Заранее айтам индиский кинодағыдай махаббат ойнайсыңдар деймін. Құшақтасу, сүйісу деген жоқ. Айқын Төлепбергеннің әйелін ертең біреу құшақтап, сүйіп жатса не ол? Оданда киноға түспей-ақ қойсын. Одан да үйде отырсын онда