Елдос колобок расында ажырасып кетті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Ол өз есімінен, өзі бренд жасаған жан. Оның атағы да, ақшасы да, бизнесі де бар. Артынан ерген алып қашпа әңгіме де жоқ емес. Бүгін Елдос колобок көп сөзге нүкте қояды.

– Соңғы 2 ай сіз әлеужеліден жоқ боп кеттіңіз. Себеп?

Елдос Қадірханов, блогер, кәсіпкер:

– Себеп – декрет десең иә. Жоқ, отпускке кішігірім. Өзімнің өмірімде болып жатқан әртүрлі оқиғаларға байланысты кішігірім творческий кризис болып. Не до инстаграма, не до интернета болды. Енді 10 жыл үздіксіз, үзбей шықтым ғой контент жасап. Содан заслуженный 2 айлық демалысқа шығып кеттім.

Мен ажырастым! Дәл осылай мәлімдеме жасаған Елдос, жұрт назарын өзіне кілт аударды. Бірақ Қадірханов: «Мен инстаграмнан ажырастым деген едім. Сөзімді арандатушылар бұрмалап алып кетті»,-дейді.

Елдос Қадірханов, блогер, кәсіпкер:

– Оған енді менің ешқандай кінәм жоқ. 2 ай жоқ болған кезде бәрі жазды өздері. Халықтың өзі жазады: «Не болды? Ажырасып кеттің ба? Развод да? Бөлек тұрасыңдар», - деп. И сол нені ұстап алдым да, ақыры елдер сөйтіп ойлайды екен, мә онда деп кірдім да, бірақ ол жерде айттым әйелімнен емес, мен инстаграмнан ажырасып кеттім.

Аурудан – шаншу, сөзден – қаңқу жаман. Елдің өсегі келіншегіңізге әсер етті ме?,-деген сауалымызға: Жонушкам ондайға мән бермейді,-деп жауап қатты.

Елдос Қадірханов, блогер, кәсіпкер:

– Ода нормально иә. Ондай несі жоқ. Ол да ха-ха ұстап отырды менімен бірге прикалыватся етіп. Вот мама ғана кішкене ренжіді. Әй, есің дұрыс па? Айтатын нәрсең жоқ па еді басқа?,-деп ұрсып-ұрсып берді.

Елдос бүгінде блогерліктен гөрі, бизнесте көбірек көрінеді. Бірақ отбасылық көңілді контенттің де болатынын айтады. Әзірге фокус кәсіпте-дейді өзі.

Елдос Қадірханов, блогер, кәсіпкер:

– Біздің істеп жатқан жұмыста гигантская конкуренция бар. Ол жерде ұйықтап, контент түсіріп жүре беретін болсаң, жұмыстан айырылып қаласың. Сол үшін біз мүмкіндігінше операционканың ішінде де жүруге бар күшімізді салып жатамыз.

СТЕНДАП: Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Оны сындыру оңай емес. Қаңқу сөз де тұсау бола алмайды. Елдос Қадірханов, Елдос колобок көпшілікті керемет контенттерімен қуанта береді.