Жасандылықты жаным сүймейді,-дейді Тұрар Ыдырыс. Әнші өзін халыққа барынша шынайы көрсететінін, бірақ сонда да оны осы қалпында қабылдай алмайтындардың барын айтады.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Мені жалпы оқитын адам, жеке танитын адамдар түсінеді да. Мен шындықты айта саламын білесің сен. Мысалы: бір күнде 1 миллион құрта саламын дегенді айтсаң, мақтанып тұр деп ойлайды. Халықтан ұят болмасын деп, грубо сөйлемей, қалың елім қазағым, ассалаумағалейкум сондайға, өтірік нәрсеге үйреніп қалған да.
Тұрар айналасына тек негатив тарататындардан, іргесін аулақ ұстайтынын айтады. Өмірде де, инстаграмда да.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Мен заблокировать етем.
– 17 мың адам сенің черный списогыңда. Ерінбейсің ба?
– Мен күніне 150. Мысалы мынандай ғой басқа бір пабликтерден бірдеңе көріп қалам ғой мысалы, мен туралы жаман пікір жазып жатқанын ол маған подписан болмаса да тығып тастай салам. Болашақта мен оны көргім келмейді да.
– Бәсе, менің бүкіл аккаунттарымды блокқа тығып тастадың сен.
Жақында инстаграмда Тұрардың сахнада ән айтып тұрған видеосы тараған. Сол посттың астына танымал әнші хейт қалдырған.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Мен известный адамдардың маған жазғанын көргем. Алтынбек Тәшімбетов деген әнші бар білесің ба? Сол кісі: «Мына бала микрофонды дұрыс ұстап үйреніп алсын. Фанограммаға қосылуды үйреніп алсын»,-деген ба сондай. Ойбай аға внимание жетпей жатыр ма деп. Айтшы жаным деген әнге кавер жасасайшы...
Тұрар Ыдырыс, әнші:
- Негізі ол кісі маған... Бірінші осы жерде айтайын. Сол әнді дуэт қып айтайық деп ұсыныс жасаған болатын.
– Алтынбек Тәшімбетов сізге дуэтке, коллабқа келіспегендерге хейт жазуды қойыңыз. Мен сияқты фейк ашып үйреніңіз.
- Иә, фейктан жазбайсыз ба? Аккаунтына кіріп көрсем өзі ғой.