Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Дулыға Ақмолда, Жан Байжанбаев, Еркебұлан Дайыров, Дәурен Серғазин! Еліміздің ТОП актерлары бір картинада. Сондықтан, біз 300 шақырымды артқа тастап, дәл қазір арнайы Талдықорғанға келдік. «Ағайынды» фильмінің түсірілім алаңынан тікелей репортаж! Қызық болады. Кеттік!
«Ағайынды» картинасының авторлары актерлық құрамнан бөлек, әр сахнаға жіті мән берген. Мәселен, экстерьер түсірілімдер үшін арнайы декорация құрылған. Тіпті, той өтіп жатқан мына жасанды мейрамхана интерьеры картоннан тұрғызылған. Біз келген локацияда отбасылық мереке таспаланып жатыр.
Дулыға Ақмолда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:
- Бұл жердегі үлкен бір мәселе әке мен баланың арасындағы ата - анамен жалпы баланың арасындағы мәселе қозғалады. Көкейтесті сондай бір дүниелер айтылады. Жалпы үлкен бір идея қозғалады бұл жерде. Сонысыменде қызық.
Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін лентада Дулыға, Еркебұлан және Дәурен ағайындылар. Олар бала күнінен ата-анасының назарын өздеріне аударту барысында текетіресіп қала береді. Қызғанышпен өскен. Тіпті есейген шақтарында әке-шешенсінің «сүйікті ұлы» болуға ұмтылып, бір-біріне ор қазады.
Дулыға Ақмолда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:
- Енді топовый сериалдарда, фильмдерде жүресіз уақытыңыз тығыз шығар.
-Әуезов театрында мен 30 жылдан астам жұмыс істеп келе жатырмын. Ол бар, оған қосымша мен қазір біздің Жүргенов атындағы үлкен академияда сабақ беремін.
- Біз өзіміз 300 щақырымды артқа тастап арнайы келдік, бұл енді Алматы қаласынан алыс орналасқан. Сіздер өздеріңіздіің белгілі бір райдерлеріңіз бар ма ?
- Енді талап болғанда қазіргі жағдайда кино индустриясында көңілің толатын нарсе көп. Қазір барлығы қарастырылған, бұрынғыдай емес енді. Мен енді бұрынғы поколениенің де кино түсірген кезде оларды да көрдім.
Дәурен Серғазин, актер:
- Қазақтың көңілі бір шәугім шәйдан қалады дейді ғой, маған адам сияқты бір-бірімізге қарым-қатынас шығармашылық процесте сол ең бастысы. Ал қалғаны ол шай, жатым жер, ақша оның бәрі екінші үшінші план.
Дәурен Серғазиннің фильмдегі жары Айжұлдыз Абайбекова. Жас актриса алғашында мэтрлармен бір алаңда бой көрсетуге жүрексінген.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса, блогер:
- 9 айлық балам бар бұйырса босанамын.
- Бір қызығы фильмде сен 35 жастағы әйелдің образын сомдайды екенсің кейіпкердің?
-Иә, ұқсамай тұрмын ба?
- Иә ұқсамайсың мүлдем
- Неге керісінше менің ойымша қазіргі заманауи қыз-келіншектер, өзін күтіп қалған, өзін жақсы көреді, өзіне қарайды, уақытында витамин ішеді, уақытында қыдыратын жеріне қыдырады.
- Фильмдегі актерлық құрамға қарасам топовый актерлар жүр, сен қалай тап болдың бұл проектке?
- Оңай емес арасында. Себебі қанша дегенмен өте дарынды тұлға актерлармен ойнаған кезде ол басқаша екен, басқаша ашыласың, өзіңнің әлі өспеген жасыл екеніңді түсінесің, сондықтан да бұл мен үшін өте үлкен мектеп.
- Сен инстаграмға пост салдың осы ішіңмен, бірақ ана жерде коментарийлар жарылып жатыр?
- Статистикамды көтеріп жатқандарыңызға, рекламаны көбейтіп жатқандарыңызға рақмет! Мен бұның барлығын әдейі жасаймын.
- Ең қымбат актерлық құрам жиналған жобада Жан Байжанбаевты да кездестіріп қалдық. Еске салсақ, кино продюсер Нұрлан Қоянбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанның бір күндік еңбек ақысы кем дегенде 1000 доллар деп айтқан еді.
Жан Байжанбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:
- Қалай ойлайсыз қазақ киносында отбасылық тақырыптарда көп түсіріледі?
– Жасыратыны жоқ қазір отбасы жайлы туындылар өте көп. Ондағы ауқымды мәселелер әзіл арқылы жеткізіледі. Ал біз түсіп жатқан туындыны толыққанды комедия деп айта алмаймын, көбіне драмедия.
Дулыға Ақмолда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:
- Мүмкін енді әр заманның өзінің бір сұрқылтайы болады дейді ғой. Мүмкін қазіргі сценаристтерді жалпы режиссерларды, жалпы кино қауымын толғандырып жүрген үлкен бір мәселе. Ол отбасы мәселесі шығар.
Дәурен Серғазин, актер:
- Мынандай кастпен жоба қалай шығады?
- Өте бір көңілге қонымды, жайлы жылы, сондай бір отбасылық құндылықтарға құралған, сондай бір жылы кино болады деп ойлаймын өзімше.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Кинонарықта қызу бәсекелестік! Көрермен назарын аудару үшін киногерлер барын салуда! «Ағайынды»-ның авторлары мықты актерлық каст, тың идея, өзгеше көзқараспен прокатқа шықпақ. Еңбек ақтала ма? Бокс-офис көрсетеді.
Дәурен Серғазин, актер:
- Мынандай құраммен дубл аз түсірілетін шығар бірден ?
- Жоқ ол құрамға байланысты емес, ол кез келген площадкада техникалық жағы болады, актерлық жағы болады. Сондықтан ен енді кейде тез бір екі дубльдер болады. Кейде ұзаққа түседі, ол енді шығармашылық процесс.
- Коннект қалай жүріп жатыр сол кісілермен?
- Мен бұрын ойлайтынмын осындай кісілермен киноға түскен кезде мүмкін олар өте тыныш, серъезный болатын шығар деп, керісінше олар керек кезінде саған айтатын жерінде айтып, ыман жерін былай ойнағ бүйт-сүйт деп үйрететін моменттері өте көп. Кішкентай бала сияқты негізі.