Жахан мен Балжан құрған жанұяның ғұмыры - үш-ақ жыл. Олар ел алдында бақытты кейіп танытқанымен, өзара конфликтер болып жатқан. Соңында, бір-ақ Балжан күнде күйеуімнен бір жола кетемін деген шешім қабылдаған. Ал, оған себеп, Жаханның қатаң талаптары мен шектеулері.
Балжан Бидаш, әнші:
- Адам-адамға өмір сүруді үйретпеуі керек. Ең бастысы жақсы бағыт көрсету керек. Бағыт беруі керек. Шектеу енді барлық біздің қазіргі өмірді қалай сүреміз, сол әр информацияны қалай қабылдаймыз барлығы бала кезден басталынады ғой, бала кезден мысалы көп шектеу болса, сен өскеннен кейін өзіңе көп шектеу қоясың, ұяң боласаң. Мен болашақта балаларыма шектеу қоймайтын ана болуға тырысамын.
2020 жылы мұсылмандық некелерін қиған Жаһан мен Балжан биыл көктемде достары мен әріптестерін жинап, той өткізген еді. Сол сәтте, заңды некеге отырдық деп сұқбат берген болатын.
Бірақ, бұл жалған екен. Құжат сол күйі алынбаған. Ал, тойда берілген неке куәлігі – жәй ғана көзбояушылық болған.
Балжан отбасылық өмір өзін қатты өзгерткенін айтады.
Балжан Бидаш, әнші:
- Дәу қыз болдым. Есейдік, өмір көрдік деп па... Жоқ енді өзімді әр жыл сайын, жас қосқан сайын есейгенімді сезінемін. Ақылды болуға тырысу керек иә... Бұрыңғы Балжанмен қазіргі Балжан салыстыратын болсақ, қазір кішкене больше «осознанно» болған сияқтымын. Бұл Балжанда артта қала береді, лучше лучше бола беру керек қой.
Балжан жеке өміріндегі өзгерістерге қарамастан, әлеуметтік желіде белсенді. Жаһанмен ажырасуы тіпті статистикасын одан сайын жоғарылатып тастаған.
Балжан Бидаш, әнші:
- Басында мен сол үй тіршілігіндегі контенттарым қатты ұнаған болатын халыққа, содан кейін мен ол контенттен былай басқа бағытқа өткен кезде қазіргі жасап жатқан дүниелерім өтпейді деп, өтпейтін шығар деп сияқты бір ой болды да. Негізінде керісінше одан екі есе активный болып кетті. Статистикам мықты болып тұр.
Бидашка блогерліктен бөлек, инфо бизнеспен айналысуға ниетті.
Балжан Бидаш, әнші:
- Мен ешкімге ақыл үйреткім келмейді, психологиялық жағынан деген сияқты. Тек қана бизнес жағынан кеңес бергім келеді. Сол бойынша болады. Менде тәжірбие сауда жағынан бар негізінде.
Балжанның басты мақсаты – жеке шығармашылығын қайта қолға алу. Себебі, 3 жылдан бері әншілік мансабы үзілісте болған еді.
Балжан Бидаш, әнші:
- Қазір әндер жазу керек, соған жұмыс істеп жатырмын. Менде арман бір трендтегі әншілердің қатарында болу. Ол үшін жұмыс істеу керек, идея болу керек, тренте болу керек.
Балжан сондай-ақ, «OZMZғой» бағдарламасында қонақта болды. Бидашканың толық сұқбатын осы жұма 13 қазан күні, 17:35-те НТК арнасынан жіберіп алмаңыз.
Балжан Бидаш, әнші:
- Өткенге өкініш жоқ, өміріме ризамын, тағдырыма ризамын. Барлығы жақсы.