Ninety One vs Irina Kairatovna! Жігіттер «Нағыз сахна королі» атағы үшін баттлға түспек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- Нағыз сахна королі кім? Энергетикасы тасып тұрған Найнти уан ба әлде әр шыққан кезде сахнаны жарып кететін Ирина Қайратовна ма? Жігіттер бұл атақты өздеріне мөрлеп тұрып, теліп алмақ. Сол үшін олар арнайы баттлға түспек.

- Кім мықты? Найнти уан әлде Ирина Қайратовна?

«Ninety One» тобы:

- Бұндай салыстыру өте қиынға соғады. Неге десеңіз, себебі бізде әрқайсысымыздың өзіміздің алаңымыз бар жұмыс істейтін. Яғни, тек қана сол сахнада емес, жалпы ақпараттық алаңның ішінде біздің әрқайсысымыздың сигменттеріміз бар.

«Ирина Кайратовна» тобы:

- Егер бізге баттлдың басында бізге мынандай ұсыныс түскен кезде Найнти уаннан басқа біреу болса, онда біз келіспеуші едік деп ойлаймын. Сондықтан найнти уан болғаннан кейін өте қызық баттл болайын деп жатыр.

- ИК болады деген кезде бірден «уау давайте» дедік.

- Концерттеріңізге, баттлдарыңызға аздаған уақыттар қалды. Дайындықтарыңыз қалай жүріп жатыр?

- Шын айтайық па? Дайындық күшті жүріп жатыр.

- Шын айтам дедің ғой сен.

- Біз осы сенбі күні бірінші рет дайындаламыз.

«Ninety One» тобы:

- Біздің түсінгеніміз егер де біз тым алдын ала дайындалып қойсақ, күйіп кетеді екенбіз. Сол үшін неғұрлым жақынырақ болса, біз соғұрлым жақсырақ дайындалады екенбіз.

«Ninety One» тобы:

- Біз андай балдармыз ғой, сабақ айтуға келген кезде таңертең кеп, қысқаша тез-тез қайталап алатын, коротко содержаниені оқып біліп алатын бар ғой.

Айта кетейік, отандық шоу бизнесте бұндай форматтағы баттл бұрын-соңды болмаған. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Ережеге сәйкес, жігіттер өз әндерін өзгеше жанрда орындап, қарсылас топтың әнін өз стилінде айтып шығуы тиіс.

«Ninety One» тобы:

- Керемет іс-шара. Үлкен ақша бөлінуде. Сондықтан өнерді бүткіл жағынан жақсы көрсетуге барынша атсалысуға осыған жақсы мүмкіндік деп ойлаймын.

«Ирина Кайратовна» тобы:

- Шайқас дайындық боп жатыр ғой. +03:52 Қолдаймыз әрқашан жаңа эксперименттерді. Сол өзіміз де көреміз енді білгенімізді істеп жатырмыз.

- Ұсынысты бірден қабылдадық. Себебі, бұл баттл бізге комфорт зонасынан шығып, жаңа эксперименттер жасауымызға көмектеседі.

Концерттің шешуші бөлігі- «Wild card» кезеңі. Себебі, баттлдың соңғы сәтінде құпия музыкант та өнер көрсетеді. Жігіттерден жұлдызды қонақ туралы спойлер сұрап көрдік.

«Ninety One» тобы:

- Бере алмаймыз, өйткені біріншіден, өйткені ол сіздерге құпия қонақ қызық болмай қалуы мүмкін. Сол үшін сіз концертке келмеуіңіз мүмкін.

Баттлдағы ерекше сәт мұнымен бітпейді. «Кавер» кезеңінде қос бойзбэнд бір танымал тректі өз стилінде орындап шығуы тиіс. Жігіттердің таңдауы «А Студио»-ның «Джулия» әніне түскен.

«Ninety One» тобы:

- Негізінде адамдар Найнти уанның орысша ән айтқанын, бірлесіп орысша айтқанын естімеген бұған дейін. Демек, «Джулия» сіздер үшін жаңаша бір Найнти уанның демі болады деген ойдамыз.

«Ирина Қайратовна» тобы:

- Достық достықпен, бірақ енді баттл болғаннан кейін жеңуге тырысу керек. Қарсыластың қандай екені бізге, қандай мықты жағы, қандай состояниеде екені бізге ондай қатты қызықсыз.

«Ninety One» тобы:

- «Бәріне сәттілік өзімізге жеңіс тілейміз» дейді ғой.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Екі топтың жекпе-жегіне де санаулы күндер қалды. Нағыз сахна королі атағы кімге бұйырмақ? Бұны жанкүйерлер шешеді. Ал, жігіттерге сәттілік тілейміз.