Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Біз бүгін премьерасына келген картинада мэтр Джеки Чанның өзі түсуі тиіс еді. Бірақ, актерды қазақстандық киногерлер көндіре алмаған. Еске салсақ, былтыр лентаның продюсері Джекимен келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан-ды. Неге нәтижесіз? Бірге білейік.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Негізі сол үшін түскем, бірақ бізді Тимур алдап кетті, Джеки Чан түседі деп айтты да. Негізі Джеки Чанды көру үшін түскем негізі, бір қатты төлеген де жоқ.
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Біз ол жаққа шықтық официально олардан жауап келді. Өкінішке орай Джеки Чанный графигі өте тығыз, 2 жылға бүкіл графигі уже жазылып тұрған екен. Бірақ сәттілік тіледі.
-Шетелдік жұлдыздармен келіссөз жүргізу оңай емес, олардың райдері, гонорары бар?
- Оның енді райдері сұмдық болар енді. Оны білмейміз ғой...
- Киноның шығыннан көп деңізші?
- Джеки Чан менің идеямды қолдап тегін түсіп береді деп ойлап жүрген адаммын ғой негізі... Сәл пәл ақша береміз деп ойладық, оларға миллион долларлап беретіндей қазір қаражатымыз жоқ.
Экшн-боевик жанрындағы «Тимучин» фильміне дайындық 1 жыл бойы жүрсе, туындының пост продакшны да сондай уақыт алған. Тимур Бақтыбаевтың кинопродюсер ретінде ұсынған алтыншы жобасы. Бұл жолы киногердің өзі басты рөлде.
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Бұл ең қымбат проектім менің, бүкіл алты проектің ішінен.
- Қанша?
- 100 миллионға түсірдім.
- Қуат Хамитов, Еркебұлан Тоқтар! Актерлық құрамды өзіңіз таңдадыңыз ба?
- Бүкіл актерлық құрамды өзі таңдадым. Яғни төбелесе алатын, өзі икемі бар.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Премьераға тікелей Дубайдан келдің?
- Таңертең келдім иә. Қазір премьерада боламын да бірден Байсейітке кетемін. Менде съемка басталады.
- Дубайға кетем деп айта ма десем?
- Жоқ жоқ біз Дубайдан келіп, Байсейітке қарай кетеміз, шашлык жеуге десең.
Фильм көрсетілімі алдында Тимур мен Еркебұлан текетіресіп қалған еді. Оған себеп, Қытай қызының туындыға жасаған кино талдауы. Шетелдік көрермен Тимурды Еркебұланнан да сымбаттырақ деп өзінің пікірін білдірген-ді. Ал бұл оймен Тоқтар-тегі келіспейді.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Қытайдың қызына ответка қылып келдің ба бүгін дайындалып?
- Қытайдың қызында вообщем шаруам жоқ, қазақтың қыздарын реттеп алайын дегенсің ба..
- Экшн-боевик, бұған дейін көбінесе романтикалық комедияларда көріп жүрдік, бұл жанр өзің қалай ұнады ма?
- Новый жанрға потихоньку ауысу керек, потому что комедияның тізесі шығып кетті.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Продюсерді ұрған қалай екен?
- Енді ақшасын во время жақсы төледі енді, былай қатты бір ызамен ұрған жоқпын. Бірақ енді төлемей созатын болса, ұратын едім нормально адам құсап.
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Басында таяқ жеймін, одан кейін шапалақтарын беремін дұрыстап тұрып. Жарақат алдық, яғни денеге шынымен де соққы жасадық.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Үнді фильміндегідей төбелес емес шығар ?
- Жоқ ондай емес, Қытайдағыдай төбелес...
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Джеки Чан атамыз ба, ағамыз ба, өзі каскадер өзі актер өзі продюсер режиссер, сценарист, менде сол адамның артын қуамын деп шешкеннен кейін өзім де каскадер болуға тура келді.
Олжас Тоғымбет, актер, каскадер:
- Юмор бар, актерлық құрам барлығы орында, кәдімгідей экшннің атмосферасын берді.
Ғалымжан Жанықұлов, стендапер:
- Менің айтарым өзім ойым, Джеки Чанның да сахналары бар, прям кинолардан алынған, өз почеркін қалдыру керек сонда да деген ой бар.
- Жобадан түскен қаражатқа Тимур Бақытбаев қайырылымдылық жасамақ. Продюсер «ASAR-UME» қорымен бірігіп мұқтаж отбасыға баспана сыйлауға ниетті.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Қазақ киногерлері арасында нағыз бәйге басталды. Көрермен назары мен қаржысы үшін бір-бірімен текетіресіп жатыр. «Тимучин» оза шапқандар қатарынан табыла ала ма? Уақыт төреші.