Моргенштерннің клипіне түскен соң Шакентитің гонорары өсті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Пацанский кипишь» - әрбір ер-жігіт бетпе-бет келетін қиын кезеңдерді айқын көрсететін картина. Басты рөлде – Шәріп Серік. Кейіпкері көрерменнің есінде ерекше қалуы үшін актер имидждін өзгерткен.

Шәріп Серік, актер:

- Менің кейіпкерім ең бастысы оның ерекшелігі прическасы. Сосын не айтам, болды. Андай керім ерекшелігі жоқ ондай. Былай айтқан кезде районның старшагы ғой. Менің кейіпкерімнің линиясы басқаша болды жалпы.

Фильмнің басым бөлігі Қонаев қаласында түсірілген. Ауа райынның қолайсыздығына қарамастан кейіпкерлер барын салған көрінеді. Одан бөлек, картинада төбелес сахналары көп. «90-шы жылдардың нағыз вайбын осы сәтте сезіндік»-дейді олар.

Шәріп Серік, актер:

- Сценарий бойынша ең күшті сахна, кадр менің ойымша, ол төбелестің кадры болды. Сондай өте эпичный десек болады.

Айта кету керек, Шәріп жақында ғана Моргенштерннің бейнебаянына түскен болатын. Сол сәттен бері атағы ТМД-ға асқақтады. Бірақ Шако гонорарын өсірмеген.

Актерлық кастта - «Пацанская история» комедиясымен көптің есінде қалған Ілияс Жапаров та бар. Айта кетейік, ол – аталмыш картинаның продюсері.

Ілияс Жапаров, актер:

- Менің кейіпкерім – Кешон деген жігіт. Ол әрдайым қызықты оқиғалармен бетпе-бет келетін, достарына әртүрлі идеялар айтып жүретін кейіпкер. Фильмде Қапшағайда үлкен кеш ұйымдастырылады. Кешон досына «ғашығыңа осы кеште сезіміңді білдір»-деп кеңес береді.

«Пацанский кипишь»-тың актерлық құрамы көпті таңғалдырмақ. Себебі, фильмде ИК-лық Ұлан Қайраласов та бар.

Ұлан Қайраласов, актер:

- Мұрат өзінің ашық мінезділігімен, адал достығымен ерекшеленеді. Сюжеттегі басты ключевой персонаждардың бірі деп ойлаймын. Мураның бір ерекшелігі бар. Оны бәрі ренжітеді. Прикол ұстайды оған бәрі. Бірақ ол ашық мінез болғаннан кейін оның барлығын түсінеді.

Фильмде жолы болмаған, үнемі таяқтың астында қалатын жігіттің рөлінде дебютант актер.

Әли Жарасұлы, актер:

- Мен негізі басында ойлайсың ғой сырттай көріп, кішкене өзінше шығар деп. Особенно Шакенти. Өзінше шығар, әлдеқандай шығар деп. Жоқ, бардым таныстым. «Есімім Әли, брат. Сенен таяқ жейтін менмін» дедім. «Ааа иә иә естідім»-деді. Қарапайым жігіттер барлығы.

Нұржан Әуезхан, актер:

- Баяғыда 90 жж районный тема дейміз ғой. Сол кезде үлкен братандардың қасында обязательно бір қасында жүретін көмек беретін досы болады. Мен сол досының персонажын ьб ойнаймын. Сол сияқты Шаконың қасында постоянно әрдайым қасында бірге жүремін.

«Пацанский кипишь» картинасының түсірілімі аяқталды. Қазір пост продакшн жүріп жатыр.