НТК ұсынған «Мошенники» жобасы «Кинопоиск» платформасында ТОП 10-дыққа кірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Мошенники» - бұрын соңды Қазақстандық теленарықта болмаған жоба. Криминалды драма шынайы фактілер мен оқиғалардан құралған. Тіпті туындыдағы 11 кейіпкердің прототипі де бар.

Рүстем Омаров, актер, «Мошенники» телехикаясының сценарисі:

– Көрерменнің 00,1 пайызына болса көмектесе алсақ, біз үшін ол жеңіс. Себебі, бұл жерде алаяқтықтың 20 түрі бар. Әр адам кез-келгеніне тап болуы мүмкін.

Алаяқтар айласының барлық түрі айқын суреттелетін телехикая көрермен көңілінен шыға алды. Небәрі алғашқы бөлімдері ұсынылған сәттен бастап туынды трендте тұр. Сериал «Кинопоиск»-те ТОП 10-дыққа кірді. Еске салсақ, телехиканы эфирден кейін эксклюзивті түрде дәл осы платформада көре аласыз.

Олжас Нұрбай, «Мошенники» телехикаясының режиссері:

- Алаяқтықтың жолын қысқартудың ең жақсы жолы ол – хабардар ету халықты. Информация беру, жастайынан болсын, үлкені болсын барлығының көзін ашу, сондықтан біздің жобаның мақсаты да миссиясы да сол деп ойлаймын.

Рүстем Омаров, актер, «Мошенники» телехикаясының сценарисі:

- Басты кейіпкер, қалай ойлайсыз, олар көрермендерді сендіре ала ма?

– Көрерменге жаңа бейне көрсетуіміз керек болды, сонда олардың бұрыңғы жобаларындағы образдармен ассоцация болмайды.

- Осы жобаны көрген көрермен кейін Мошенниктарды бірден тани алатын бола ма?

- Мынау ана сериалдағы сияқты ғой, давай звонда, узнай спроси может это на самом деле такие же мошенники.

Таңат Әлібек, «Мошенники» телехикаясының актеры:

- Мен уже историяға саламын ғой инстаграмға, уже мошенник деп жатыр.

Қарақшылардың қылмыстық схемаларынан бөлек телеөнімде көрермен құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын да көре алады.

Ернар Себетов, «Мошенники» телехикаясының актеры:

- Дәл қазір менің жанымда «Мошенники» жобасының басты кейіпкердері тұр, бірақ алаяқтар емес, бұл кісілер тергеушілер.

- Бұл үлкен сабақ болу керек деп ойлаймын. Себебі қазір өзекті мәселе, интернеттің мына соц.сеттің көп дамыған уақыты ғой, телеграм болсын ватсап болсын, қазір взламовать етіп жұмыс істеп жатқан мошенниктар өте көп.

- Алаяқтарды ұстайсыздар ма? Қалай олардың іс-әрекетін ашасыздар? Бір спойлер болсын кішкентай?

Ілияс Жалбай, «Мошенники» телехикаясының актеры:

- Алаяқтарды бұйырса ұстаймыз, әлі ұстамадық, бұйырса ұстаймыз, да Ернар?

- Иә. Әр кезде әділеттілік жеңуі керек, дегенмен бұл шынайы өмір, сондықтан әділеттілікті күтпей өздеріңізде күтіп жүрмей өздеріңде алданып қалмаңыздар, барынша тырысыңыздар,с ақ болыңыздар, сауатты болыңыздар.

Көрермен алғашқы бөлімдерде алаяқтардан құралған жасақпен танысты. 11 түрлі кейіпкер бір миссия үшін бірігеді. Ол – қарапайым халықты алдап, тонау.

Ақылхан Алмасов, «Мошенники» телехикаясының актеры:

– Менің кейіпкерім кезінде полиция қызметкері болған. Өзінің басына түскен оқиғасы болмағанда, ол алаяқтардың ісіне араласпайтын еді. Ал туындыда тікелей киберқарақшылардан зардап шегеді.

Руслан Дасыкенов, «Мошенники» телехикаясының актеры:

- Тағдыр тауқыметімен солай айтса да болады, заңның дұрыс жасамауына байланысты жолынан адасып, сотталып содан кейін енді амалы жоқ болғандықтан осындай жолға түскен жігіттің рөлі ғой.

- Көрермендер не үшін «Мошенники» жобасын көруі қажет?

- Бұрындары тап болмаған болса, бір көріп, шолып еске сақтап жүру үшін.

Олжас Нұрбай, «Мошенники» телехикаясының режиссері:

- Өзіңіз жобадан не күтесіз?

- Жоғары рейтинг күтемін. Өтірік айтпайын неге себебі әр творчествода жүрген адам өзінің еңбегінің еленгенін қалайды. Еленсе екен, халық көрсе екен.

Ақылхан Алмасов, «Мошенники» телехикаясының актеры:

– Біріншіден туынды хит болатынына сенімдімін, екіншіден халықтың көзін ашады деген ниетіміз бар.

Қоғамдағы өзекті мәселені қозғаған «Мошенники» жобасын күнделікті 20:00-де дүйсенбі-бейсенбі аралығында НТК арнасынан көре аласыздар! Себебі туындыда көрермен күтпеген оқиғалар орын алмақ!