Айдана Шалқар, @aiudna
Біз Алматыдан 60 шақырым жол жүріп келдік. Дәл осы жерде кассалық жиыны жағынан топ жарған «Родной» картинасының жалғасы таспалануда. Комедияның кезекті бөлімінің сюжеттік желісі мен кейіпкерлерге кездесетін кедергілер туралы білетін боламыз.
Еламан Есентаев, актер, кинопродюсер:
- Иә, бұл жерде көп актерлар қосылған. Медийный адамдар өте көп десем болады. Ақболат Өтебай «Назар аудар» фильмінің бас продюсер-актері, сосын Әсел Асқар блогер-актриса, даже-даже депутат мәжілісі түсіп жатыр біздің фильмге. Оны кейінірек білетін боласыздар, или айта берейін ба? Дәулет ағамыз, Дәулеттен.
- Көптеген жұлдыздарды жинап алған екенсіз. Қалай көндірдіңіз бәрін?
- Бірінші Родной ұнады, сосын өзімнің ағаларым еще сұрап, түсіп беріңдерші өтініш, 2-шісін жақсылап шығарайық бірге деп сөйтіп көмек беріп қолдап кеп жатыр бәрі.
- Сонда тегін түсіп жатқандар да бар ма?
- Иә, тегін түсіп жатқандар бар от души бауырым деп.
«Маған назар аудар» толықметрінен кейін экраннан көрінбей кеткен Ақболат Өтебай «Родной» картинасының сюжеті қатты қызықтырғанын айтады.
Ақболат Өтебай, актер:
-Өзім кеп айтып кеткем «көмек керек болса, без проблем» деп. Өйткені өсу керек қой барлығы. Осындай жігіттер ертең бір 10 жылда үлкен киностудияның басын ұстап отса деген жақсы ойлар ғой.
- Киіміңізге қарасақ, бір серьезный адамның рөлін сомдайтын сияқтысыз.
- Иә, Сәкен Майғазиевтің рөлін ойнап отырмын, ұқсап тұрмын ба. Мен Сапардың, главный рольдағы Сапардың бажасы боп ойнаймын бұйырса. Сәл Сапарды менсінбейтін рольдамын.
Картина тағы да руд муви жанрында. Сондықтан да, түсірілім жұмыстары Алматы облысындағы ауылдарда өтіп жатыр. Бұл жолы бас кейіпкерлер бет алған бағыт – той!
Индира Сабирова, актриса:
- Екінші сезонда олар әдеттегідей жолға шығады. Жолға шыққан кезде мақсат – тойға бару. Той басқа қалада болады. Сол жаққа бірге көршілермен бірге, яғни Айдос пен Әлиямен бірге шығады.
Анель Кенжебекова, блогер, актриса:
- Менің енді ондай үлкен бір главный геориня деп айта алмаймын. Бірақ та главная героиняның сестренкасы боламын ғой. Негізі Еламан екеуміз бұрыннан таныспыз ғой. Мен блогерлыққа келмей тұрып та біз өзіміз жақсы араласатынбыз. Сөйтіп өзі маған айтты «өзіміз по-своиски осылай түсіп берші, енді көп емес қой 4-5 күн ғана болады» деп. Сосын жарайды деп келістім, енді бағасын айтпай-ақ қояйын иә, Еламан?
«Родной» картинасының сиквелін бұл жолы да – Қырғызстандық режиссер - Бахыт Осмонканов таспалауда. Сценарийдің негізі де сол айыр қалпақты ағайындардан көшірлген. Тек, біздің менталитетке сай аздаған өзгерістер бар.
Мейірғат Амангельдин, актер:
- Көп сөз жоқ. Бірақ әркімнің өзінің линиясы бар, соны алып жүруге тырысамыз. Бірақ өз басымда менің кейіпкерімде оқиға көп деген сияқты. Оқиға көбісі Сапардың төңірегінде болады. Сапар туралы.
Ақерке Арыс, актриса:
- «Родной 1» - де негізі өзіңіздің аяғыңыз ауыр болды иә, қателеспесек. Ал кеше біз стористерден байқадық кинода аяғыңыз ауыр сияқты көрінді
- Біріншісінде аяғым ауыр болды. Оны жасыруға тырыстық, екіншісінде аяғым ауыр емес, бірақ ішімізді жасап жатырмыз екіқабат қып. Айтам да бұларға сәл ертерек айтып қойсаңдар заказды үйден орындап келе беретін едік қой 7 ай қылып былай.
Айдана Шалқар, @aiudna
- «Родной» картинасының кезекті түсірілімі осылай жүріп жатыр. Үлкен экрандарға 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап шығады деп жоспарлануда. Бірінші бөлімінен асып түсе ме, әлде жоқ па, оны уақыт көрсетеді.