2 қыркүйекте, Орталық стадионда «Сoke studio festival Аlmaty» өтпек! Хедлайнер – Jah Khalib!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осы күз «Сoke studio festival Аlmaty» арқылы жұрт есінде көпке дейін сақталары анық! Себебі тоқтаусыз 8 сағаттық музыкалық кеш, ойындар мен түрлі сыйлықтар, әр қонаққа екі бөтелке кола сусыны, бірнеше фото аймақ болмақ. Қала берді «Грэмми» сыйлығының иегері джиджей Афро Джек те көрермен көңілі үшін жұмыс істейді.

Ирина Городилова , Coca-Cola Portfolio Manager:

- Жобаға атсалысқан үлкен командамыз бар. Әншілерде агенттіктермен, серіктестерімізбен ақылдаса отырып таңдадық. Статистикаға сүйеніп, музыкалық чарттар тізімін қарап, трендте тұрған, расымен әндерімен мереке сыйлай алатын жастарға тоқтадық.

Coca cola компаниясы тек қанық дәм, көтеріңкі көңіл күй мен әдемі дизайн ғана емес. Сонымен қатар қоршаған ортаның қамын ойлайтын, түрлі концепиялар мен стратегиялар ойластыратын, бір қадамға алда жүретін бренд.

Александра Акирман, ОА коммуникациялар бөлімінің директоры:

- Кока-кола компаниясы қалдықтарды жинау мен оларды өңдеуге жіті мән береді. 2018 жылдың соңында корпорация – біз және серіктестеріміз өндіретін қаптамалардың бәрін жинап, қайта жасақтау туралы стратегия қабылдадық. Ол 2030 жылға дейін жоспарланған. Кола бренді 200 елде жұмыс істейтіндіктен, бұл қоршаған орта мен қоғам үшін пайдалы шешім деп ойлаймыз.

Компанияда бастау алған әлемдік жобаның бір бөлігі, фестивальде де болмақ. Келген тыңдарман да табиғатқа өз үлесін қоса алады.

Александра Акирман, ОА коммуникациялар бөлімінің директоры:

- Фестивальде «Қалдықсыз қоғам» атты көңіл көтеру, бой сергіту алаңы болады. Келген қонақтар сол жерде пластиктың қалай өңделетінін көреді. Көрермен велошредрдің педалін айналдырып, бөтелкелерді бөлшектей алады. Кейін одан өздеріне сувениерлер, брелоктар жасаса болады. Кейбір бұйымдарды арнайы стендке де ілеміз.

Cola көп брендтің ішінде өзінің ерекше, көзге бірден түсетін дизайнымен де назар аудартады. Дәл осы тематика фестте де көрініс таппақ. Алаңға қойылатын креативты инсталяциялардың бірі туралы компания өкілдері айтып берді.

Ирина Городилова, Coca-Cola Portfolio Manager:

- Бізде бірнеше инсталляция болады. Солардың бірі: кіреберісте орналасқан, «Coca-cola-ның» логотипі бар, қанық қызыл түсті алып құлаққап. Келген қонақтарымыз сонда суретке, видеоға түсіп, жарқын естеліктермен қайтады деген сенімдеміз.

 

Тректерін тыңдарман жатқа айтатын: АLPHA, AKHA, Arhsat, Ayau, Qanaу кеште өнер көрсетпек. Хедлайнерлер: ARTIK & ASTI. Қала берді, Jah Khalib.

Jah Khalib, музыкант:

- Құрметті Алматылықтар мен қала қонақтары! Сіздері Coke Fest-ке шақырамын. Бірге көңіл көтеріп, ән шырқап, жақсы уақыт өткізіп қайтамыз! 2 қыркүйек күні бәріңді Алматыдағы Орталық стадионда күтемін!

Жобаның ауқымын көрсету үшін Cola, НТК арнасы REVUE News бағдарламасымен де келісімге отырды. Маусым айынан, тамыздың 31-іне дейін экстразон қосымшасы немесе ресми сайтта 2 не 3 алтын түстес қақпақты тіркеп болмаса, Revue news конкурстары арқылы билет ұтып алуыңызға болады.

Елизавета Петрова, «The Coca-Cola» компаниясының маркетинг жөніндегі бас менеджері:

- Иә, Revue news-пен өте сәтті коллаборация жасадық деп ойлаймын. Бағдарламада ұйымдастырылған конкурс арқылы көрермен концертке билет ұтып ала алады. Ол үшін қойылған сұраққа дұрыс жауап беріп, белсенді болу керек.