Мақпал Исабекованы VS Мирас Жүгінісов! Қос әнші бір сахнада тыңдарман санымен жарысты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Кезінде «GHETTO DOGS» тобының атағы жер жарып жатқанда, Dequine небәрі 2 жаста болатын! Мақпал Исабекова «Супер стар»-да ән салғанда, Мирас Жүгінісов бала-бақшаға барып жүрген еді. Ал, бүгін бұл әншілердің бәрі ортақ бір сахнада кездеспек! Old school мен new school арасында батл!

Мақпал Исабекова, әнші:

- 2 жаста? Но коментс...

Ескі және жаңа хиттердің бір сахнада шырқаулына себепкер «Kazakh Nostalgia Fest» шарасы. Ауқымды опун-эйрде біраз уақыт сахнаға шықпай жүрген әртістер жиналды. Соның бірі – Мақпал Исабекова. Еске салсақ, әнші 1 жылдан бері декреттік демалыста отыр.

Мақпал Исабекова, әнші:

- Шыны керек жаңа сахнаға шығар алдында қатты қобалжыдым, бірақ сахнаға шыққаннан кейін, өзімді сондай еркін сезіндім, өйткені халық деген өте көңілді өздерінің эмоцияларын өздерін жақсы көңіл-күйлерімен бөлісіп жатты сондықтан, я сходу расслабилась,

-Декреттік демалысыңыз қашан бітеді?

-Негізі балам енді ғана 1 жасқа толды, әлі емізулі, сондықтан гастрольге шығып жатсам да қазір өзіммен бірге алып жүрмін. Ол кішкене қиынға соғып жатыр.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Old school мен new school бір-бірінің музыкасын тыңдай ма? Қос тарап әріптестерінің шығармашылығына қандай баға береді?

GHETTO DOGS тобы:

– Отандық музыка қазіргі таңда жоғары деңгейде. Бұл жас өнерпаздардың арқасы деп ойлаймын. Бір қуантарлығы хип-хоп қана емес, инди-поп жанры қатты дамып жатыр.

METIS’S тобы:

- Нью-скул әртістерді тыңдайсыздар ма?

- – Әрине, әрине. Қазіргі музыканттардың тәрбиесі ұнайды. Трендті сезіне алады. Батысқа еліктемей ақ өзіміздің музыкамызды жасап жатыр.

- ТОП-3 сүйікті әншіңізді атаңызшы?

- Скриптонит, Джа Халиб, Декуин.

Мақпал Исабекова, әнші:

Мирас Жүгінісов, Садраддин деген жас жігіт өте ұнайды, дауысы да керемет, әндері де музыкасы да өте керемет. Мағыналы, сапалы.

METIS’S тобы:

- METIS’S тобының әлі күнге дейін хит болуына бір құпия бар ма?

- – Шын көңілден жазылған ән ғана ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Талай жылдық жетістіктің құпиясы осы.

GHETTO DOGS тобы:

– Бұл тыңдарманның махаббаты. Біздің хит әндерді естіген сайын жылы естеліктерді еске алады.

GHETTO DOGS тобы:

- Бір қызығы сіздер алғаш шыққан кезде ротацияға тіпті теңгелеріңіз болмаған, қазір бәрі әлеуметтік желінің арқасында хитке айналып жатыр тректері, қалай ойлайсыз қазір мүмкіндіктер өте жеңіл ма?

- Иә, қазір оңай екені рас. Адамдарға теледидар көрудің қажеті жоқ. Барлығын әлеуметтік желіден қарай салады. Бірақ, қазір бәсекелестік көп. Кезінде ақшасы бар музыканттар ғана сұраныста болатын: Қазір сапаға мән береді. Ақшаң да көмектесе алмауы мүмкін.

- Осы жылы «Чайки» трегі қайтадан айтьюнстың топ 100-гіне кірді, оған не себеп?

GHETTO DOGS тобы:

– Сіз айтып тұрған трек ол түпнұсқаға жасалған ремейк болатын. Оны біздің рұқсатымызбен Тумен деген жас музыкант жасады. Туменге алғыс. Қазір каверлер хит болған сияқты, біздің де ескі әніміз бір жаңғырды.

Кеш 6 сағатқа созылғанына қарамастан тыңдарман табжылмай сүйікті әншілерінің өнерін тамашалады. Кештің басында old school сахнаға шықса, концерт соңын жастар аяқтады.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Аңызға айналған жұлдыздар мен музыкаға жаңа леп сыйлаған жас таланттар өнеріне куә болдық. Бүгінгі кешке келген әрбір тыңдарман «ностальгияға» бөленіп, нью-скулдың да вайбын сезінгені сөзсіз!