Садраддиннің концертіне Ресей мен Қырғызстаннан келетін құпия жұлдыз кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгін бізде нағыз эксклюзивті кадрлар. Дәл осы жерде Садраддин 9 қыркүйек күні Алматы аренада өтетін концертіне, оркестрмен бірге дайындығын пысықтап жатыр.

Садраддиннің концертіне екі аптаға жетер жетпес уақыт қалды. Тығыз жұмыс кестесі, алқымнан алған дедлайнға қарамастан күнде орекстрмен дайындық. Әнші қорқып та, қобалжып та жүргенін жасырмайды.

– Дайындық өте қызу екенін көріп тұрмыз. Жалпы ішкі толқынысың әсерің қалай?

Садраддин Болат, әнші:

– Иә, иә. Рақмет біріншіден келгендеріңізге. Қазір енді басталады дайындық. Қанша дегенмен енді қобалжу бар. Қазір барлық жұмыстарымды жинастырып, осы тек қана дайындық концерт деп.

Тойдың боларынан, боладысы қызық. Садраддин соңғы күндері студияда қонып жүр.

– Күніне дайындыққа қанша сағат уақытыңды жұмсайсың? Мысалы қазір сағат түнгі 9.

Садраддин Болат, әнші:

– Түнгі 9. Шамамен түнгі сағат 1-ге дейін осы жерде боламын. Одан кейін сағат 1-ден, таңға дейін студияға барамын. Ән жазуым керек.

Концерт билеттерінің сатылымға шыққанына 2 аптадан аса уақыт өтті. 12 мың орындық Алматы аренаның лық толар түрі бар. Себебі, солд аутқа сәл-ақ қалып тұр.

– Билеттің сатылымы жағын бақылап отырсың ба?

– Иә, иә.

  • Қалай болып жатыр?
  • Рақмет, шүкір. Жақсы.
  • Түріңе қарасам бәрі өтіп, дұрыс болып жатқан сияқты иә?
  • Иә, иә.

– Дархан Жолшыбеков досың саған өте үлкен қолдау білдіруде. 70 миллион қаражат бергенін де білеміз. Жалпы қазіргі таңда онымен қандай жұмыстар атқарылуда?

Садраддин Болат, әнші:

– Қазіргі таңда? Барлық жұмыс. Бүгін келуі керек еді бірақ уақытымен келе алмады. Кеше болды дайындықта. 24 сағат қасымда ғой.

Садр кеш барысында осы уақытқа дейін еш жерде жарияланбаған, релиз алмаған тректерімен тыңдарманын тәнті етпек ниетте. Бұл жалғыз тосынсый емес.

– Концертте Ресейден, Қырғызстаннан келетін әншілер болады дедің. Аттарын атап айта аламыз ба? Олар афишада да жоқ.

Садраддин Болат, әнші:

– Иә, иә. Жоқ, оның атын айта алмаймыз. Себебі, келген көрермендерге бір қызық болып қалсын деген оймен. Көрген кезде... Концертте барлығы.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Иә, жанды дауыс, жұрт жатқа айтатын хит тректер, түрлі музыкалық аспаптар мен үлкен оркестр, масштабы мол команда. Садр жеке кешіне сақадай сай. Сәттілік тілейміз. Концертте көріскенше!