Экс-кешьюлік Элизат Берікова сауда және сән үйлерінен барынша алыс жүруге тырысады. Себеп: көрген, қызыққан киімін алмаса көңілі көншімейді. Бір шыққанда 1000 доллар жаратады екен.
– Жалпы өзің қаншалықты сәнқойсың. Шопоголиксың ба?
Элизат Берікова, әнші, актриса:
– Мен негізі киінгенді өте қатты жақсы көрем. Кішкентай кезімнен бастап киімді жақсы көрем. Сондықтан прямо енді қатты шопоголикпын деп айта алмаймын, бірақ киінгенді жақсы көрем.
– Дүкенге бір барғанда киімге қанша жұмсайсың?
– Енді мен барған кезде шынымды айтсам 200-300 мың теңгеге бір 5-6 емес, бір 3-4 киім алып кетем.
- Бренд таңдамайсың?
- Жоқ, жоқ.
Ал қыздардың қиялына кіріп, түсінен шықпайтын Чингиз Капин киімге келгенде кербез емес. Таңдауы түскенін, үстіне қонғанын ойланбастан алады екен.
– Жалпы өзіңіз қаншалықты киімге қызығасыз?
Чингиз Капин, актер:
- Мамандығыма байланысты киімге бей-жай қарай алмайтыным анық. Дегенмен кейде үйден тесік шұлықпен шығып кететін кездерім болады. Масс маркетте де сауда жасай беремін және супер дизайнерлік костюмдер тіктіремін дегендей.
Әр концертіне, іс-шарасына тыңғылықты дайындалып, дизайнерлермен жіті кеңесетін – Алишер Каримов. Сахналық образдарынан ақша аямайды. Кейде тіпті бір костюмды 10-15 миллионға тіктіруі мүмкін екен.
– Әлішер Кәрімовтың сахналық образдары өте ерекше және арзан тұрмайды. Бір қызығы, сіздің бір киген костюмыңызды мен екінші рет көрмеппін. Оларды қайда жібересіз?
Алишер Каримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Мен екінші рет көрдім. Өйткені концерттер көп қой. Қайталанады әрине. Бірақ соңғы рет білесіздер ма, білмеймін неге екенін қара мен ақ түске өттім. Қазір жылтыр костюмдерден кішкене алыстау жүріп жүрмін. Білмеймін неге?
Алишер Каримовтан киім сұрап жазатындар көп екен. Әнші аянып қалмай, келген кісінің бетін қайтармауға тырысады екен.
Алишер Каримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Енді мен ойлаймын шаң болып жатпайтын шығар. Көп жастар, жас әншілер сіздің жолыңызды берсін деп ырым қып сұрайды. Бере саламын. Бірнеше әншіге бергем.